Күт мені, Астана!
блог
Сәлем достар! Сіздермен сыр шертпегілі көп болыпты. Соңғы кезде экзамен болып, сайттақа жиі кіре алмадым. Енді күн сайын кіріп тұрамын. Өйткені экзамен бітті, бізде демалыс. Экзаменде, өкінішке орай, алгебрадан 4 болып қалды, қалған пәндер 3 десең я, қалжың қалған 4 сабақ 5. Осылай "9-сыныптың" есігін жауып, "10 сыныптың" есігін ашқалы жатырмын.
Мен өткен жолы жазбамда "Кім болатынымды" таба алмай жүргенмін. Менде қазір ондай ой жоқ. Менің мектеп бітіруіме әлі 2 жыл бар. Сол 2 жыл ішінде ҰБТ-ға жақсылап дайындалып, Астанадағы "Еуразия ұлттық университентіне халықаралық қатынас факутентіне" оқуға түспекпін.Әрине, бұлда жеңіл бола қоймас. Сонда да мен қаймықпай, табандылық танытамын. Орыс тілі мен шет тілін жетік меңгеруім қажет. Мүмкін болса өзге тілдерді де.Бірақ сонда да бойымда қорқыныш бар. Өмірімнің алдағы уақытта қалай өрбитінін білмеймін ғой. Жүрегімде үміт пен күдік бар.
Астана күт, мені! Көп ұзамай саған қарай жол тататын боламын. Сонымен, міне менің мақсатым айқын. Енді осы мақсатқа жету үшін тырысамын! Сонымен, Астана көріскенше, 2 жылдан моң арман қуып саған барамын. Тағы да Күт мені, Астана!
PS: Массагеттің латын қарпіне көшуімен құттықтаймын. Демалыста келді. Жазды жақсылап өткізіңіздер!