Мұқырдың жарынан өткеннен кейінгі жолда кесе-көлденең жатқан жолбарыс жонды қырқаны көрдіңіз бе?
Оны Күшікбай асуы деп атайды. Мына кең байтақты бір өзінен өрбітіп тұрғандай, төсiнде сағым ойнаған сона бiр жеке биік - Күшiкбай. Арғы-бергі бел-белестердiң бәрi де қойнын аша түсiп, қиырдан қияға меңзеп тұрғандай. Алыстан мұнарлана көз тартып тұрган сона бір толқынды көрдiңiз бе? Ол - Көкен тауының балық төбелерi. Сол жерлерді тартып алам деген Әзімбайдың қастандығына байланысты Күшiкбай төңiрегiнде туған талай аңыз бар. Күшікбай тауының өңiрi аса құйқалы, күні бүгінде сыңсыған малды совхоздар орын тепкен. Ойдым-ойдым тауларында қар жатпайды. Қара мола сиьезiнде шешендігімен Абайдың назарына іліккен Әзімхан осы жерде өмір сүрген. Tay бүйiрiн Tecin шыққан мына бұлақты да Күшiкбай бұлағы дейді. Ағынның аяғындағы жалпақ ша бындық талай жерге созылып жатыр. Ана қарсыдагы бел-белестердiң әркайсысының түбiнде осындай әлденеше бастаулар бар. Солардың ішінде жол үстінде, асу аузындағы Күшiкбай бұлағының тарихы ерекше. Бұлақтың басында Абай да, Шәкәрім де, Мұқаң да талай болған.
Қайнаған шiлiңгiр ыстықта бір жұтсаң мейiрiң қанатын қайнар бұлак - Абай туралы даңқты эпопеяның басты кейіпкерлері Дәркембай мен Базаралылардың шалдығып-шаршаған сәттерiнде тыныс тапқан мекені, Е. П. Михаэлис сияқты Абайдың орыс достарының да аялдаған жері осы.
Ертелі-кеш "Күшікбайға жетсем-ау" деп асығатын жолаушылардың iшiнде Семейдегі Гоголь атындагы кітапханадан оралған Баймағанбет атын аз шалдырмаған мұнда. Сiз де кiдiрiп сусындап алыңыз. Ұлылық түнеген бастау ғой бұл.
Тәкежан баласы Әзімбай Күшікбай жерiне қызығып, бiрер жыл осы бұлақты жайлау ете бастапты. Содыр, coтқар байдан жаксылық күтпеген осы маңның кедей ауылдарының азаматтары келесі жылы Әзімбайды қондырмау үшін, осы бұлақтың көзiне жас сойылған қойдың құйрығын кемiптi. Содан кейін байдың жылқысы судан жерiп, ішпейтін болғандықтан, Әзімбай тартып алмапты деседі. Ал сол Әзімбай ана бір белестің өңіріне өыс күндерінде жылқысын мекендетіп жүрген кезiнде Сiбiрден айдаудан қайтқан Базаралы өзінің кедей кепшiктерiмен оның сегіз жүз жылқысын барымталап, қырып тастағаны роман оқиғасынан есiңiзде болар.
Батыс жақтағы ана тау үстiнде тұрған бейіт Күшікбайдікі. Осы өңiрді иемденгici келген жауларының зорлығына көнбей, бұлақ басында күші басым топқа қарсы шауып, қаза тапқан батыр-азамат. Есiмi ел аузында аңыз боп қалған. Күшiкбай өлiмiнен кейiн батырдың арты сиреп, кедей-кепшiктерi тоз-тоз боп бытырай бастайды. Панасыз жандар содыр-сотқарлардан жәбiр көреді. Абайдан бұрын жан ашырға жарымаған бұл өңірдің тұрғындары кейiннен ес жинап, еселiсiн сұрауға батылдық тапқан. Қыс күнiнде Аралтөбеде Татьяна әнiн шығарып отырған Абайдың үстiне арыз айта кіріп, Күшiкбайдың екi туысы малын Тәкежан ұрыларынан көретіні естерiңiзде бар ма? Жок-жiтiкке қамқор Абай адамдарының ұрысын қайыртқаны жадыңызда болар.
Одан беріректе тұрған жеке бейітті көресіз бе? Ол -Fазиза мен әкесiнiн моласы. Қорғансыздың күнi" дейтін ғажайып әңгiмесiнiң оқиғасы осы ел өмiрiнен алынған.
Жалғыз баласы бай малының соңында журiп, суық өтiп ауырып өлген кәрi ана мен екі көзінен айырылған келiнi ғана барын бiлетiн болыс өзiне қолайлы шақтың бiрiнде әдейi келiп қонған. Үйіне болыс келiп қонып көрмеген панасыз жандар жай-күйлерiне бiр септігі тиер деген ниетпен барын беріп күтедi. Үйлерінде ендігі үміт шырағындай Ғазиза атты 13-14 жасар қызы болады. Жатар кезде қонақтарының атына шөп салдыруға шам ұстап жүрген баланы зәлiм атшы болысының колына берiп, тайып кетеді. Зорлауға тускеннен кейін ендi кәрi әже мен соқыр анаға көрінгісі келмеген Ғазиза боранды түнде әкесiнiң қабiрiн құшақтап, үсiп өлген...
Өткен өмiрдiң сұмдығының бірі Мұқанның суреттеуiмен кейiнгi ұрпаққа жетті. Қорғансыздың күнiнiң соңы о заманда қайғы мен қасiрет емей не дейсіз?
Күшікбай өңiрiн басып өткен Абайдан соңғы ел азаматтарының бәрі де бұл молаға тағзым етпей өтпеген. Қабыш марқұм мынандай есте қалғанын айтады:
Бірде Шәкәріммен бірге Күшікбай бұлағына тоқтаған eк. Қаладан қайтып келе жатқанда Шәкен "Ана Күшікбайдың басына бұрыла жүршi" дедi. Келiп тоқтадық. Арбадан түсіп тізерлеп отырды да, Ғазизаның қабірінің топырағын сипап: "Бiздiң иттердiң зорлығынан өлдi ғой",- дедi. Ол кiм?- деп сұрағанымда: "Шөпiш пен Бәйтік екенін білмейтiн бе едің?"- деп күрсiндi.
- Құнын жоқтаушы да шыға қойған жоқ едi. Бiле тұрып, атаусыз қалдырғым келмедi, көп кешікпей дүние салған екі сорлының кыркы мен жетiсiн конакасысынын пулын менiн төлеуiме тура келдi. Ал кiсi елтірген сол сұмдар бұл қылмысты ешкiм бiлмейтiндей Күшікбайдың басына тоқтамай өте шығады,- деп налып отырды.
Осы жайды да ескерiп айтатын болар,- деді Күшікбай туралы бірде әңгіме қозғап отырған Әрқаш ақсақал: "әкем Кәкітай, Абай аға Семей жолындағы кедей ауылдарға қонатын жүргiншiлердiң атының шөбi мен азықтары өздерінен болсын. Кедей үйлердiң талшығын қонақпыз деп iшiп-жеп сорлатпасын",- деп көп айтатын едi деп, еске алатын,- дейді.
Кәмен Оразалин
«Абай ауылына саяхат» (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы, «Жалын» , 1994ж, 112-115-беттер