Құсбегілік — қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр

Құсбегілік — қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр. Көшпенділер өмірінен берік орын алған үлкен өнер. Оның тәлім-тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасқан және жалғасып та келеді. Адамзат тарихындағы елеулі жаңалықтардың бірі де дәл осы құсбегілік өнер. Басқа басқа өнердің бұл түрі қазаққа етене жақын болғандықтан құсбегілік өнер біздің ұлтымыздың ерекшелігін айқындап, болмысын айшықтайтындай. Оған дәлел ретінде әлемдегі бірде бір елдің мемлекеттік рәміздерінде кездеспейтін қыран бүркіттің тек Қазақстанның ғана туында көрініс тапқандығын айтуға болады. Одан бөлек жыл сайын елімізде бүркітшілер сайысы өткізіліп, түрлі игі шаралар да өткізіліп тұрады. Бүркітті баулып, онымен аң аулау кәсібі, саятшылық өнердің бір түрі болып саналады.. Бұл кәсіппен ертеде көбіне көшпелі түркі тілдес халықтар мен арабтар айналысқан. Бүркітті қолға түсірудің бірнеше тәсілі бар. Бірінші жолы ұядан алу болса, екінші жолы жаба тоқу арқылы, ал үшінші тәсіл бүркіт тойаттағанда, яғни бүркіт жемтікке қатты тойып алып, ұша алмай қалған кезінде қуып жүріп, шаршағанда ұстап алу.

Құсбегі Руслан Абыл

Аушы құсты қолға ұстап білу, үйрету, баулып аңға салу көлденең өткен көк аттыға жолыға бермейтін, әркімнің пешенесіне жазылмайтын қадірлі де, қасиетті құбылыс болса керек. Сондықтан да дәстүрлі қазақ қоғамында Тәңірден берген ерекше бұл сыйды басқаға сыйлау, сатуға онша құлықтылық танытпауы былай тұрсын, құсбегіліктің қыры мен сырын бөгдеге үйрете бермейді. Отбасылық әулеттік сипаттағы бұл өнерді өз ұрпағына аманаттап үйретіп, құсбегілікте қолданған құрал-жабдықтарымен қоса үйреткен құпия қыр-сырын «мұрагерлікке» қалдыратын, кие тұтатын өнер.

«СТВ» телеарнасындағы «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» бағдарламасының бүгінгі саны қазақтың құсбегілік өнеріне арналады. Бағдарламада құсбегілік өнердің қыр-сыры туралы толығырақ айтылып, құсбегі Руслан Абыл бұл кәсіптің өзіндік қиындық пен ерекшеліктеріне тоқталады. Ал «Қыран» федерациясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы құбегілік өнерді дамыту, насихаттау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жайлы бөліседі.

Бағдарлама әр жұма сайын сағат 22:20-да көрсетіледі. Қайталауы жексенбі күні сағат 19:00-да.

Мұрағат: stv-online.kz

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/JfWJjn0Hoqw?hl=ru_RU&version=3&rel=0","width":"450","height":"330"});

Суретті түсірген: Ғазиза Ұзақ



Бөлісу: