Курткамен кіруге болмайды!

Курткамен кіруге болмайды!
жеке
блог

Жақында университетте бухгалтерияға барғам, төлем мәселесі бойынша сұрақтармен. Кабинетке кіре берісте "в верхней одежде не входить" деп қойған, содан мен сырт киіммен кіріп кеттім, сұрай бастағам, ішінде бір әйел "курткамен кіруге болмайды!" деп айқайламасы бар ма! Мен ешбір саспастан, "сыртта ескерту бар ма?" дедім. Содан әлгі әйел "там в двух местах написано "в верхней одежде не входить"" деді. Сосын мен "ааа, орысша ма? мен орысша түсінбеймін" деп қойып қалдым, әлгі әйел үндемей қалды. Қасындағы екінші әйел:"әәә, қазақшасын жазып қою керек еді" деп мұрнының астынан сөйледі. Қазақша жазу/сөйлеуді талап етіңдер, достар!