Құрсақ той – ұлттық дәстүріміз!

Құрсақ той – ұлттық дәстүріміз!
жеке
блог

Ұлтымыздың салт-дәстүрі-ата-бабаларымыздан бізге жеткен мирас-мұра. Бірақ қазіргі таңда салт-дәстүрлеріміздің біразы ұмытылып барады. Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерге ат тергеу, ақ байлау, шүлен тарату, көгендің, кеусен және тағы басқаларын жатқыза аламыз. Қазіргі таңда жастар батыс Еуропа елдеріне еліктеп, сол жақтың мерекелерін атап өтіп жүр. Мысал келтірер болсақ, қазіргі таңда «baby shower» тойлау кеңінен таралып келеді. Бұл батыс Еуропадағы XX ғасырда пайда болған, құрсақтағы балаға арналған той болып саналады. Осы мереке біздің қазақ жастарының арасында үлкен танымалдылыққа ие.

Егер қазақ салт-дестүріне көз  жүгіртер болсақ, осы «baby shower» мерекесіне ұқсас өзіміздің «Құрсақ той»деп аталатын салт-дәстүріміз бар. Құрсақ той- аяғы ауыр әйелге қатысты ертеден келе жатқан дәстүр. Келінінің бала көтеретіндігін байқаған енесі «Құрсақ той» немесе «Құрсақ шашу» деп те айтыла беретін кішігірім басқосу өткізеді. Бұл дәстүрдің мақсаты - қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару. Бұл - біріншіден, ертеңгі күні дүниеге келер нәрестенің алғашқы тойы болса, екінші жағынан аяғы ауыр ананың да қамын ойлап, соған жағдай жасаудың амалы. Көбінесе әйелдер қауымы қатысатын «Құрсақ тойға» келген әйелдер өздерімен бірге түрлі дәм алып келетін болған. Тойға келген әйелдердің түрлі дәм әкелулері сол астың арасынан келіннің жерік асы табылып қалар деген ниеттен туындаған. Басқосу барысында. Жиналғандар жас келіннің аман-есен босанып, аяқ-қолын бауырына алуына тілектерін білдірісіп, шашу шашып, дастарқан басында әжелер жас келінге өсиет айтып,бата жасайды. Абысын-ажындары ақыл-кеңестерін беріп, тежірибилерімен бөліссе, құрбылары келіннің көңілін көтеріп қолдау білдіреді.Осыган ұқсас дәстүрлер қазақ халқында баршылық.Оларды жандандырып, қолданып отыру өте маңызды. Өйткені ұлттық құндылықтардың отбасыға әкелер несібесі мол.

Келешек ұрпақты салиқалы,өнегелі етіп тәрбиелеу үшін ұлтымыздың барлық ерекшелігін дәріптеп отырумыз керек. Осылайша, отбасындағы ырыс пен берекені сақтап тұрғылықты халықты рухани жағынан байытуымызға мүмкіндік бере аламыз.

Болашақ Қазақстан келешек ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың өз елінің салт-дәстүрлерін жөн-жоралғыларды берік сақатағанда ғана жаңа Қазақстанды құруға үлкен үлес қоса алады. Сонда әрбір қазақ отбасының мәдениеті  де арта түсері анық.