Міне ертең еліміздің елеулі мерекесі, төл мейрамы сан жылдар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге 21 жыл! Ғасырлар бойы жерімізді жаудан қорғап, ел үшін жанын берген ата-бабаларымыздың еңбектерінің жемісін көрудеміз. Тәуелсіздіктен бірнеше жыл кейін дүние есігін ашсам да, бұл бақыттың иесі болу үшін еліміздің бастан кешкені аз емес екенін түсінемін. Сырым, Кенесары, Жанқожа секілді аталарымыздың, Қайрат, Сәбира, Ляззат сияқты аға-апаларымыздың қиыншылыққа төзіп, тағдыр жазғанына көніп, армандағы бостандыққа қол жеткіздіргені үшін алғысымыз шексіз. Олардың ерлігі мәңгі есімізде!!! Бүгінгі ұрпақтың қамы үшін, кешегі батырлардың жаны пида болды. Тәуелсіздік... Бұл жахандағы біраз елге арман. Ал қазақ елі үшін жыл сайын атап өтілетін елеулі мереке. Қазақ халқын, Қазақстан жұртшылығын шын жүрегімнен құттықтаймын. Қазір еңсесі биік, кемелді мемлекетпіз. Өз тіліміз, діліміз, жеріміз бар. Шынымен қуаныштымын... Құрметті массагеттіктер, сіздерді де құттықтаймын. Барлық жақсылықты тілеймін! Айтпааақшы, біздің сүйікті МАССАГЕТТІ құттықтамасам айып болар) Массагет бұйырса, сенің де 21 жылдығынды тойлайтын күнге жеткізсің!) Сайтта көп өзгеріп бар екен. Ұзақ жазатын уақыт аз баяғы ҰБТ) Жағымды жаңалықтармен жаңа жылда жүздескенше... Сіздерді сооондай сағындым)