Құрметті қыздар! Сіздер сөз айтып көрдіңіздер ме?

         Махаббат. Бұл сезімдерім күздің алғашқы күндерінде бастау алып еді. Сезімдерім сондай ғажап жанға ашылды. Шын мәнінде қатты ғашық болдым. Сырттан естуім бойынша оған ғашық мен ғана емес екенмін. Тіпті жақын араласатын қыздардың көбі ұнатады екен. Барлығы сырттай. Оны екі жылдан бері танитынмын. Спорт қуған әрі иманы бар жігіт еді. Келбеті де келісті.Қазақтың қарапайым жігіті. Міне осы қасиеттері мені өзіне баурап алды. Үнемі көрсе амандасып, өзіндік кеңестерін де беретін. Оны ұнатып екі айдай жүрдім. Көргенде қарның аш емес пе? Деп дәмді тамақтар даярлап шақыратынмын. Айтады ғой «жігіттің жүрегіне жолды асқазаны арқылы табуға болады»- деп. Үнемі күліп қарайтын. Амандассам жылы шырай танытатын. Кұнне күнге қинала түстім. Бір күні түсімде оны қолына қолым жетпей жылап жатып оянып кеттім. Осы сәтте ғашықтық сезімім асқынғанын түсіндім де, не болса да айтып көрейін дедім. Агентке кірсем отыр екен. Барлық сезімдерімді жеткіздім оған хаттармен. Оның айтқаны «мені кешір, сен менің қарындасымдайсың. Мен сені қарындасымдай сыйлаймын»деп өз жауабын қайтарды. Күздің жапырақтарымен бірге көз жасымның тамшылары да үзіліп түсіп жатты. Сол күні есімді жиып ертесі күні стол даярлап бөлмеме шақырдым.Ол келді. Екеуден екеу стол басында отырмыз. Үндемейді. Ұялғаны болар деп топшыладым. Сөзді өзім бастадым. Мені кешір. Сезімімді бұдан әрі ұстап тұра алмадым. Бірақ бұдан кейін мүлде араласпай кетпейікші. Баяғыдай,бұл оқиға болмағандай жүрейікші дедім. Ол өз келісімін берді. Содан бері бұл оқиғаны есіме алмаптым. Көргенде баяғысынша күліп амандасады. Арамызда ол әңгіме болмағандай кейіп танытады. Әлі күнге бір қызбен жүргенін естімедім. Оның арманындағы қыз қандай екен деген сұрақ келеді ойыма. Мүмкін мен оның талғамы болмаған шығармын. Бірақ өзімнің сөз айтқаныма еш өкінбеймін.ал сіз айтар ма едіңіз?



Бөлісу: