Аллаһ Тағала қасиетті Құранда:"Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді" (Қасиетті Құран 51 сүре, 55 аят),- деген. Ал, ең жақсы үгіт, әлбетте Аллаһ тарапынан құлдарына берген кітабы және үлгі ретінде жіберген елшісі.
«Кім Аллаға және Елшісіне бой ұсынса, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. Зор табыс осы» (Қасиетті Құран 4-13)
Аллаһтың разылығына үміт ете және халқыма аз да болса пайдалы болуымды қалап, Аллаһ қаласа, назарларыңызға қасиетті Құранымыздан және сүйікті пайғамбарымыздың үлгілі жолынан аз-маздан күнделікті блогыма "пайдалы насихат" жазуға тырысамын, иншаллаһ.