Құр құдықтың басындағы таста Шәкәрімді атып, көмген Құрқұдық. 1931-1961" деген жазу бар. Құдықтың маңы темір шарбақпен қоршалған. Қабірдің де бейнесі жасалып қойылған. Айналасына дала гүлдері өсіп түр. Менің көз алдыма Сары, Аяпберген, Ғылымбай, Жаңыл, Өсіп, Айтмырзалардың айтқандары елестеді. Түн қараңғылығын жамылып, ұлы ақынды жүресінен отырғыза құдыққа нығарлап жатқан жендет- терді көріп тұрғандай сезінем. Күбірлескен үндер мен күректің шымды жерге кірш-кірш кіргенін де құлағым шалып қалып тұрған сияқтанады. Тау өзенінің түнгі са- рылы қара жүректілердің зұлымдық әрекеттерін алысқа жеткізіп, жақпар бүйірлерін жаңғырықтыра күңіренткен болар. Сол күңіреністі қазірде естіп тұрғандай жүрегімнің дүрсілі бір білініп, бір жоғалып кетіп түр. Сол түні қамауда жатқан аналар мен балалар, байлау- дағы ағалардың күйзелісі кейінгі ұрпаққа: "Көрдіңдер ғой!" деп, жар салғандай сезімге бөлейді… 66 99 Біздің "Құрқұдықтың" басында тоқтағанымызды көріп, өзеннен су алуға келген бір әйел де шелегін қойып, үнсіз қарап қалған болатын. Өзеннен балық аулауға келе жатқан екі-үш бала да жағада қалып қойды. Олардың соңынан ерген күшік те шоқиып отыр.
Кәмен Оразалин
«Абай ауылына саяхат» (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 258-бет