Күрескер ғалым бейнесі

Күрескер ғалым бейнесі
жеке
блог

Ахмет Байтұрсынов туралы көп фильмдер түсірілді, кітаптар да, мақалалар да жазылды. Ол фильмдер Ахмет Байтұрсынды ұстаз-ғалым ретінде, «Алаш» партиясының көшбасшысы ретінде айтады. Ал менің айтпағым -  ғалымның елі үшін қаза тапқан батыр, қорғаушысы екені. Ахмет атамыз туралы ақпараттарды Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл – құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығынан өндірістік тәжірибеден өту кезінде танысып шықтық. Өндірістік тәжірибеден жетекшілік етуші Р.С.Имаханбет, Ш.А.Шортанбаев, ғылым магистрі А.И.Есентаева оқытушыларымыз осы Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі, өмірбаянымен танысуда өте үлкен күш салды.

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылдың 5 қыркүйегінде  Орта жүз арғын шашқшақ руынан тараған әйгілі Байтұрсын батырдың әулетінде дүниеге келген. Ахмет Байтұрсыновтың арғы аталары – жоңғармен бірге қарсыласқан әйгілі батырлар Ер Аманжол, Үмбетей батырлар болған. Ахмет Байтұрсыновтың жауына қарсы ұмтылуы, оның қайтпас қайсарлығы, оның батыл мінезі ата-бабасынан жалғасқан мінез болып табылады. Ахмет 13жасқа толғанда олтұрған ауылға полковник Яковлев бастаған орыс полицейлері шабуыл жасайды. Қызба мінезді, намысты алдыға қоятын Байтұрсын батыр өзінің үлкен балалары Сабалақ  және Ақтаспен бірге ол полковникті ұрып тастайды. Осы әрекеттері үшін олар Сібірге 15жылға айдалып кетеді. Сот барысында Байтұрсын батыр өзінің кінәсін еш мойындамайды, сол кезде туыстарына Ахметке орыс тілін үйретіңдер,   ол қазақ халқын қорғауы керек деген аманатын тастайды. 13жасынан-ақ ол өзінің алдына мақсат қойып, тіл оқып, білім алып, қазақтардың көзін ашып, қаламымен жауға қарсы тұрса  деген мақсатын анықтайды. Ауыл молдасынан білім алып жүрген Ахмет әкесі сотталғаннан кейін есімін өзгертіп Торғай қаласындағы орыс-қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны аяқтағаннан кейін Орынборға білімін жалғастыруға барады, Ыбырай Алтынсарин құрған 4жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы оқуын аяқтап болған соң Ахмет мұғалім болып жұмыс істей бастайды. Алғашында Ақметкерей Қонысбайұлы байдың балаларын оқытумен айналысады. Кейіннен Аманқарағай ауылдық мектебінде сабақ береді. Көп ұзамай Қостанай қаласындағы 2 жылдық орыс-қазақ мектебіне ауысады. Оны жоғарыдағылар байқап Қарқаралы қаласындағы училищенің меңгерушісі етіп қояды. Осы уақытта Ахмет Байтұрсынов та Александра Ивановнаға үйленеді. Бәрібір  ресейліктердің  арам ойы  жүзеге аспайды.  Себебі Ахмет Байтұрсынов елін сүйген азамат еді. Ол тек жұбайының атын Бадрисафа Мұхаммедсадыққызы деп өзгертуді ғана талап етіп қоймай, сонымен қатар Ислам дінін де қабылдауды да талап етеді.

1905 жылы Ахмет Байтұрсынов қазақтың жерін алып, ол жерлерге орыстарды орналастыруға қарсы болған Қарқаралы көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болады. Осыдан кейін патша өкіметінен Ахмет Байтұрсыновқа деген қауіп күшейе түседі. Алғаш рет 1907 жылы патша саясатына қарсы шыққаны  үшін түрмеге отырады. Араға екі жыл салып қазақ халқы мен орыс халқы арасында ұлттық бөлініс тудырып, автономдық  басқару идеясымен халықты үгіттегені үшін Семей абақтысында  тағы да отырып шығады. Оның осы әрекеттері үшін Қазақстаннан Орынборға 1910 жылдан 1917 жылға дейін жер аударады. Ғалым сол жерде өзіне жүктелген қызметтермен  қоса аудармамен айналысады. Міне, дәл осы уақытта  қазақ әліпбиін өзгертуге күш салады. Араб тілінен келген, бірақ қазақ тілінде қолданылмайтын әріптерді алып тастап, орнына жаңа әріптерді қосады. «Төте жазу» немесе «Жаңа емле» аталатын әліпби солкездің өзінде аса танымалдылыққаиеболып, қазіргікүнге дейін жетті. Қазіргі уақытта Қытай, Пәкістан, Иран, Ауғанстан мемлекеттерінде тұратын қазақтар әлі күнге дейін Ахмет Байтұрсыновтың осы әліпбиін қолданады. Ахмет Байтұрсынов Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтармен бірігіп, 1913 жылы Орынборда жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарады. Ал оның тиражы 80000-ға дейін жетіп, оқушылар саны көбейе түседі. Бұл газет арқылы қайраткер халықты бірлікке, сауаттылыққа  шақырып, қазақтың жеріне байланысты патша билігіне қарсылығын жалғастыра берді. Газет 1918 жылдық күзіне дейін 5 жыл қызмет етті. Ақпан революциясы қазақтарды патша биілігінен құтылып, автономды ел болуға деген үмітін жақты. 1917 жылы Орынборда өткен І Бүкілқазақ сьезінде Ахмет Байтұрсынов жаңа «Алаш» партиясын құрушылардың бірі болды. 1917 жылдың желтоқсанында ІІ Бүкілқазақ сьезінде Алашорда автономиясын құрылды. Осы жерде Алашордаға неге Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов кірмеді деген сұрақ туындайды. Дәл осы уақыттарда қазақ өлкесінде Орта жүзге деген бір бөлінушілік туындайды. Бірақ Ахмет Байтұрсынов Алашордада Торғай облысының оқу-ағарту комиссиясының жетекшісі болды. Ол оқу-ағарту мақсатында мұсылмандық жолды ұстанды. «Тек ислам ғана адамды мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелейді» деген сөзі осыған дәлел. 1919 жылдың наурыз айында Алаш партиясының алдында ары қарай нестейміз деген сұрақ туды. Себебі Ахмет Байтұрсынов Алашорда атынан Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізуге Мәскеуге аттанған еді. Ахмет Байтұрсынов сол кездесуден кейін Азаматтық соғыста ақтар жағында болған Алаш партиясының өкілдеріне рақымшылық қана алып қоймай, өзі сол жылы Лениннің орынбасары болып қызметке орналасты. Осы кездесуден кейін Ахмет Байтұрсынов кеңес өкіметі жағына шығып, қазақ халқында болып жатқан мәселелерді әділ шешуге шешім алады. 1919 жылы Ахмет Байтұрсынов Лениннің ұсынысымен Кирревкомның мүшесі болып тағайындалады. Кирревкомның төрағасы Мәскеуден Сталиннің өзі жіберген, бұрын-соңды Қазақстанда болмаған Станислав Песковский болды. Оның орынбасары болып Ахмет Байтұрсынов тағайындалды. Сталин айтқандай " мен Байтұрсыновты революционер немесе коммунист деп санамаймын, дегенмен қазір ол Кирревкомға қажет". Ең қорқыныштысы, Кеңестік, ресейлік және тіпті қазақ тарихшылары бұл факт туралы жазуды ұнатпайды. Кирревкомның ағарту қызметі туралы еңбектерінің көп бөлігінде Байтұрсыновтың тегі туралы мүлдем айтылмайды. Дегенмен Байтұрсыновтың кандидатурасын Ленин ұсынды. Бұл нені білдіреді? Бұл тарих ғылымының қазақтарды кемсіту дәстүрі сақталып отырғанын көрсетеді. Оларды әлсіз және  Мәскеуге бағынышты етіп көрсетеді. Ал, егер Кирревкомның құрамында Ахмет Байтұрсынов болғанын айтатын болсақ, бұл теория бірден құлдырайды. Байтұрсыновтың әрқашан да, кез келген уақытта, өкімет кезінде де қазақ халқының мүддесін қорғағанын бәрі біле бермейді және білмейді. Мәскеу атынан қазақ жерлерін басқарған Кирревком мүшесі болды. Ахмет Байтұрсынов туған қазақ халқының мүддесін қорғау қызметін жалғастырды. Осы кезеңдегі оның ең маңызды істерінің бірі - Қазақстан мен Ресей арасында нақты шекара орнату. Бұл жерде нақты биліктің жоқтығын пайдаланып, орыс халқы басым болған Қазақстанның көптеген өңірлері мен казактар ресейліктерге қосыла бастады. Байтұрсынов Қазақтың байырғы жерлерін Қазақстан құрамына қайтару үшін күресті бастады. Осылайша, Байтұрсыновтың Қостанайдың қосылуына, Челябі облысының қосылуына қарсы наразылықтары Қостанайдың Қазақстанға оралуына негіз болды. Содан кейін Байтұрсынов болашақ Қазақ Автономиялық Республикасының астанасы Оренбург болуына белсенді түрде қарсы болып, Семей қаласын астана қылуын ұсынады. Ахмет Байтұрсынов Қазақ Автономиялық Республикасының астанасы Оренбург болса, қазақ халқының жағдайы мүлде жақсармайтынын түсінді. Орынборда казактар өте күшті әсер етті, қала халқының 80% - ы орыс болды. Ал Семей, ол таза қазақ қаласы еді, одан әрі Алаш партиясының отаны болды. Алайда Байтұрсыновтың ұсынысы ескерілмеді. Астанасы Орынбор болып белгіленді. Байтұрсынов қазақ халқының тарихына сүйене отырып, Ленин мен Сталиннің келісімінсіз өзінің жеке бұйрығымен болашақ қазақ автономиясының шекараларын дайындау үшін комиссия құрды.  Бұл комиссияның құрамында белгілі қазақ тарихшылары және этнографтары болды, сонымен қатар Байтұрсынов бұрын қазақ жері болған барлық облыстар мен уездерден халықтың пікірін білу туралы сауалнама жүргізуді бұйырды. Ол сауалнамаға тек қазақтар қоныстанған жерді тартуды бұйырады. Бұл іс әрекеттертің барлығы большевиктер лидері Ленин мен Сталиннің ашуын тудыра бастады, олар Байтұрсыновты "ұлтшыл" ретінде көріп, ол туралы пікірлерін өзгертті. Ақ гвардияшыларға қарсы күресте қазақ халқының қолдауына зәру болды. Большевиктер әзірше Байтұрсыновтың қылықтарына төзуге мәжбүр болды. Сондықтан да 1920 жылы Қырғыз кеңестік автономиясы құрылған кезде Ресей құрамында Байтұрсынов көшбасшылардың бірі болды.( Ахмет Байтұрсыновтың Кырғыз Асср-дың бірінші білім министрі екенін білетіндер өте аз) Большевиктердің шыдамы шегіне жетеді және мұның себепкері  Байтұрсыновтың өзі өз еркінен тыс болдя.  Байтұрсынов Ленинге хат жазады, онда Қазақстандағы Кеңес өкіметінің саясатын қатаң сынға алады және қазақ халқының қатысуынсыз ешқандай шешім қабылдауға ұсыныс жасайды. Бұл қазірдің өзінде көп болды, өйткені Байтұрсыновтың атына Мәскеуден өз орнын білу үшін өткір жауап келеді. Сонда 1921 жылы көңілі қалған Байтұрсынов большевиктер партиясынан шығады.

 

Жалғасы бар...

 

Серікова Арайлым Жалғасбекқызы

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті 4-курс

Жетекші – ғылым магистрі, оқытушы Айжан Есентаева