Құрбылық па әлде Бәсекелестік пе?
блог
Қыздар - қашан да сұлулыққа, ерекшелікке, кербездікке жандары құмар ару жандар. Олар бәрінен биік болу үшін, бәрінен әдемі болу үшін, қашанда number one болу үшін не істемейді десеңіздерші. Тіпті кішкентай күндерінен олар ең жақсыға қол жеткізу үшін барлығын жасайды. Бала күнгі құрбыңызды қанша жерден жақсы көрсеңіз де онымен жолдарыңыз екіге бөлінгенге дейін бақталасып өткеніңіз рас қой? Иа мен бұндай жағдай қыздардың арасында екінің бірінде бар деп сенімділікпен айта аламын. Неге бұлай? Себебі, әйел адамдардың табиxаттары солай. Бұны өзгертуге тырысып та керек емес. Барлық әйел заты осы міңездерімен ұқсас, алайда олардың бір-бірлерінен ерекшеленетін тұстары да жоқ емес. Кейбіреулері өз ойларын ашық, бетке айтса, кейбіреулері іштерінде сақтап қулықпен әрекет етеді, ал кейбіреулеріне мүлдем бәрібір, олар ешкімді көзге елемей тек өздерінікі дұрыс екендігін ғана дәлелдеумен болады. (Жанағы құрбылар тақырыбынан ауытқымаймын)
Бала күннен бірге өскен екі құрбы. Бұлардың қашанда біреуі екіншісінен күштірек болып, ал екеншісі әлсіздеу болады. Бұл сырт көзге де ашық көрініп тұрады. Егер екеуі де жұлқынып тұрған болса олар дос болмас еді, болса да олардың достықтары тек "құрбылар" деген дәрежемен ғана шектеліп қалар еді. Ал олар шын мәнінде бір-бірлерін алдап "Сен күштісің. Жоқ, сен күштісің" деп жүрген екі қарсылас. Бұлай жазғанымда қыздардың барлығы екіжүзді, өтірікші деп отырғаным жоқ, қайта мен бұндайды қолдаңқырайтынымды айтқым келеді. Неге? Себебі бәсекелестік, тырмысып-таласып өмір сүру бұл нағыз 21 ғасырдың өмір салты. Егер менің өзіммен жарысып сабақ оқитын құрбым болмаса мен баяғыда-ақ тройшница* болып отырар едім немесе "менікі әдемі болу керек" деген қағидамен жанталасып әдемі киінуде де жанымдағы құрбыммен таласпасам мен баяғыда-ақ сәннен жұрдай адам болар ма едім бәлкім. Менде бұны дәледейтін өмірлік мысалым да бар. Мен мектептен колледжге ауыстым.
Барлық таныстарыммен қатар, бәсекелес құрбым да мектепте қалды. Жаңа жерге үйренгенше, жаңа достар тапқанша маған біраз уақыт керек болды. Сол уақыт тым ұзақ болып кетті ме білмеймін әйтеуір менің оқуым нашарлап кетті. Бұның басты себептерінің бірі өзіме жаңа қарсылас құрбымды таба алмағандығымнан немесе оны көре алмағанымнан. Біраз уақыт өтті, группамызда кімнің қалай оқитыны анықтала бастады да мен өзіме қарсылас бола алатын құрбымды кезіктірдім. Ақыры онымен дос болдым және біз жарыса оқи бастадық. Басында ол мені, мен оны қарсылас болуға лайықсыз деп ойлаппыз, алайда екуімізде де басымдылықтарымыз бен бір-бірімізден үйренетін дүниелеріміз де бар болып шықты. Сонымен қатар тек оқуда емес өмірдің басқа да тұстарында бәсекелесе дос болып жүрген құрбыларым баршылық. Мысалы қыздардың үлкен проблемасы арықтау екенін барлығымыз білеміз. Сол кім тезірек арықтар екен, кім жақсы нәтижеге жетер екен деген де жарыстар болды құрбыларыммен.
Былай қарап тұрсаңыздар бұнын барлығы жаман нәрсе, өзімшілдік болып көрінер, әсіресе ұлдар қауымы үшін қыздардың бұл әрекеттері қашан да түсініксіз, алайда біз солай жасау арқылы өз тұлғамызды қалыптастырамыз. Бір құрбымыздан ананы екіншісінен мынаны қабылдау арқылы бүтін бір адамды - өзімізді қалыптастырамыз. Сонымен қатар мен осы тұста өз басым қыздар арасындағы достықтың бола алатындығына сене алмайтынымды айтқым келеді. "Қыздар мен ұлдар арасында достық бола ала ма?" деген сауалдардың жанында бұл сұрауға да күлкілі нәрсе болып көрінер, алайда менінше қыздардан гөрі ұлдармен дос болу жеңілірек. Ал қыздардың арасындағы достық бұл құрбылыққа емес қарсыластыққа, бәсекелестікке жақын. Бірақ жоғарыда айтқанымдай бұл жаман емес қайта өте жақсы.
Ал сіздердің ойларыңыз қалай? Бәлкім сіздерде менің ойымды өзгертетіндей мысалдар бар шығар?