құпия құрбым

Қыркүйек. Оқу жылының басталған кезі. Университет табалдырғын енді аттап,  құдды 1 сыныпқа жана барған оқушыдай сезімде тұрмын.. Айналамда бейтаныс адамдар, өзге ғимарат бәрі бәрі өзгеше. Оқу ордасының алдына сыймай мен сияқты барлығы да жан-жақтан келген білімгерлер.   Жан-жағыма қарам қоямын, бірақ ешкімді танығаным жоқ. Ойыма бірден оралғаны колледждегіндей куратор аты-жөнімізбен іздеп  келмейме деп қоямын өзімді жұбатып. Салтанатты жиын басталды.

Университет басшылары сөз сойлеп, концерттік бағдарламалар жүріп жатыр. Танып білмесекте қол соғып, қарап тұра бердік. Кенет жаныма бір аласа бойлы,  өңі аққұба, сөйлегенде даусы жарқын-жарқын естілетін қыз «сіз жаңадан тапсырдыңыз ба?»- атыңыз кім?- деді. Маған таныс емес жүзіне қарадым да қалдым. Әлгі жердегі қыз болса сұрағына жауап алмастан, мені танитын жандай әңгімесін бастап кетті. Менің атым ........ Қай мамандыққа тапсырдыңыз? Мен журналистикаға тапсырдым, өзім бала кезден армандаушы едім, ақыры арманымның бір ұшына болса жеттім, тәубе деп жымыйып қояды. Менде ақырын әңгімесіне ілескендей болып атым-Камшат, иә , сіз сияқты журналистикаға менде тапсырдым дедім.

 Ойй, шын ба? Бір класста оқимыз деш»-деді қуана таңырқап. Бұнысына мен күлдім, классы несі, бұл жерде группа деп айтады оны деп қоямын, 1 жыл болсада студенттік өмірден хабарым барын білдіріп. Осылай танысып тұрып қалдық. Сөйтсек бәрі ішіне кіріп жатыр екен. Мен қайда барамыз? Біздің группамыз қайда  деп іздей бастадым. Кілең адамдармен қоршалған ғимараттың табалдырығын біссімілдә деп басып ішке аяқ бастып. Соңымнан жіңішке даусымен жаңағы қыз еріп келеді екен. Өзі айқайлап бірдемелерін айтып сөйлеп келеді.

Аудитория есігінде 125 деген жазуды көріп қалып, Уфф,таптым-ау деп қоямын. Іші толған ата-анасы мен студенттер  бәрі жайғасып алыпты. Құрбым екеуміз тура алдыңа жайғастық. Ол әдітінше сөйлеп қояр емес. Танысқанымызға 1 сағат болмасада ішімнен «неге көп сөйлейді» деп қоямын таңданып. Жатаханаға келдім. Қаланы аралап, шарлап университтеттің 2-жатаханасын әрең таптып. Бұл жерде де бейтаныс адамдар . Бәрі біртүрлі құдды маған ғана қарап тұрғандай. Өзімді сабырлы тым байсалды ұстап, кім соңы деп дауыс қаттым. Камшат мен, мен соңы. Сен келдің бе? Бізге бүгін кезек тимейтін шығар, адам көп өзің көргендей деп құрбым еңсемді түсіріп тастады. Әй, не болсада көрерміз, деп тұра бердік.

Осылайша жатахана қолға тиді, студенттік өмірдің қызықты шақтары басталып кетті. Жаңа дос, жаңа орта, жаңа таныс. Ертесі сабаққа бірге шықтық. Қасымдағылардан ешкімді танымаймын, бір нәрсе бола қалса сол қыздан сұрап қоямын. Менің ендігі жерде жақыным сол.  Жатахананың мен 5 қабатында, ал ол болса 4-қабатын тұрақтапты. Күнделікті араласып жақын болып кеттік. Қаланың тіршілігіне де біраз  үйреніп  қалдық.   Ауылдың аңғал қызы екені көрініп тұр. Дәл өзім сияқты. Бәрін бірге үйренеміз, қорықпа деп қоямыз арасында. Жатаханаға тұрарын тұрып алып басында біраз қиналдым. Кішкене қинала қалсам көмекке соны шақырып демде бәрі орнына келе қалады. Әлі күнге ақылдасып кеңесіп тұрамыз. Алғаш күннен маған оның ашықтығы адаммен бірден тіл табысқыш мінезі қатты ұнады.

Ауыл қызы қарапайым, тәрбиесі де адам қызықтырады. Алғашқы сабақтан-ақ өзінің білім деңгейін көрсеткені. Топты жарып 70-80ге жуық студенттер ішінде алғаш болып сабақ айтқаны, оған қалада мектеп бітірген ұлдарымыз, ерсі көрдіме күле бастады. Мен өзімше мақтап қоямын құрбымды. Міне алғашқы таныстығымыз осылай басталған болатын. Енді міне уақыт ағымына ілесіп 3курсқа да келдік. 3жыл бірге оқып, бір-бірімізді жақсы таныдық. Осы уақыт аралығында бір таң қалатыным басымыздан қызықта шыжықта өтті.  Сондай сабырлы, байыпты, ашуға бой алдырмайды. Кейде сол қызға қараймында тіпті, өзім ұялып қалатыным бар. Сәл нәрсеге ашу шақырып күйгелектеніп кететінімді есіме алсам қызарып кетермін. Үйінің жалғыз қызы болған соң ба, еркелігі де бар. Бірақ қандай шаруалары болмасын бәрін бір өзі тындырады. 3жыл бірге оқып келе жатырмыз бәрін өзі бітіріп бір өзі реттеп жүреді. Өзі жерге жақын болсада пысық,-деп әзілдеп қоямыз. Бойы қып-қысқа. Асхана барғанды жаны сүйеді. Апайлар сәл кешіксе асханаға жүгіреміз. «Ойй, менің қарным ашып тұр асханаға барайықшы»- деген әдетті сөзі тағы бар.

Ылғида ерекшеленуді ұнатады. Тапсырма орындау барысында топтағылардан өзгеше, жаңа жаңалық ашып отыратыны да қызықтырады. Кейді бұнысына ренжіп, қайдағыны шығармай отыршы дейтінізде бар. Кішкентай бала сияқты көңілі, қылығы. Майысып сөйлегенде барлығымыз таңданып қарап қаламыз. Жаны нәзік, сыршыл, зерек. Өзінің болмысына сай аты да ерек. Бұрын соңды ешқай жерден естіп көрмегенмін бұл есімді. Әдемі есім. Адамның есімінің өзі оның қандай жан екенін аңғартады емес пе?  Есімі қандай әдемі болса, тұлғалық болмысы дәл сондай құрбымның. Бәріне жанашыр , бәрінің көңілін қарап тұрады, өзі ешкім ойына келе бермейтін дүниелерді айтуға құмар. Иә, студенттік қызықты шақта қатар білім алып жатқан группаластарымның 40-ы 40 түрлі. Әрқайсысы өзгеше ешкімге ұқсамайтын жеке даралар.

Камшат Мухамеджан  



Бөлісу: