Көктем, Жуалы , Тәңір тау!
Аға, бізде шынайы, сұлу Жуалының көктемі. Тек Сіз хабарласпай кетіңіз, қайдасыз? Ал, уәде ше! Сізді, даусыңызды сағындым. Аға, Тәңіртаудың қары әлі кеткен жоқ. Тәңір тау, сені жақсы көруші едім, сұлулық нышаны деп, қыстағы қайғылы оқиғадан соң сенен қорқатын болдым, жан дүниемде бір қорқыныш сезім пайда болды, саған тіл бітсе "жеті сарбаздың өліміне мен емес, ажал кінәлі, басшылар кінәлі " деп айтар ма едің... Сен түк болмағандай, көкке оранып келе жатырсың...
Аға, сізден хабар күтуден, ойлардан шаршадым... Сізді көргім келеді.