Құпия хат
жеке
блог
блог
О,биіктік алдыңа тағы келдім,
үндемейсің, демейсің нені көрдің...
Өңімде ойымда жүрген аз болғандай,
сен менің, қиял - түсіме ендің...
Түсіме ендің, қол беріп амандастың,
сездім, өмір - ғажап, бақыт барын.
Сізіміме ерік бермей , кейде мен
қорықтым ба, өңімде құлыптандым...
О, биіктік! Мен сені жақсы көрем,
қандай бақыт, өзіңді жақсы көрген!
Аппақ-сезім, Жуалының ақ қары,
күн нұрымен, ілесіп, ерте келген!
О,биіктік, мені артық көрмегін,
өзің менен қызықты көрерім...
Қолыңды бер, жоғалтпайын өзіңді
ал қалғаны, маңызды емес, көрермін...