Құпия хат

Жуалы , Көктем... Тәңіртау ...

Тәңір тау баурайында бірі өмір белестерін бағындырған кәрі қыран, ал екіншісі сол өмірге, өмір белестеріне енді енген үркек елік...

Тәңір тау баурайында екі өмір, екі түрлі ой... Бірі биіктікте болып, оның қыр сырына мәлім, өмір сырына қанық, тағдырмен бетпе бет келіп жеңіске жеткен, ал екіншісі биіктікке енді өрмелеген, алдындағы беймәлім биіктікке құмар, тағдырды бірден жеңіп кетердей от жалынды...

Жуалы , Көктем, Тәңір тау, қызғалдақтар... екі өмір , бірі қызғалдақтарды жұлуға қыймай алақаны мен аймаласа , екіншісі , жас ғұмыр, бар қызғалдақты теруге даяр, бәрі құшағына сияр дай ...

Жуалы, Көктем, Тәңір тау... Тәңір тау сен биіксін... биіктігіңнің арқасында бәрін бірінші сезінесін, алқашқы қар, алғашқы көктем, алғашқы, алғашқы... Биіктікке, ғашық екі ғұмыр, екі жан, екі тағдыр, бірі өмірде сүйсе де жиркенген, бірі өмірді сүйеді, алдында бей мәлім биіктік,

Жуалы, Көктем, Тәңір тау, өз өзіне сенімді, маңғаз Тәңір тау, құшағында тауға ғашық екі ғұмыр, екі тағдыр иесі... бірі биіктікте өмір сүрген, ал екіншісі биіктікке ұмытылған өмір, бірінің көзіңде сұстылық, көрегенділік, сабырлылық болса, екіншісінің көзінде ойнақылық, қызығушылық...

Жуалы , Көктем, Тәңір тау... құшағында екі жан... бірі махаббат базарының ханы болған... алып жүрек егесі... ал бірі, махаббат базарына енді аяқ басқан ханшайым...

Жуалы , Көктем, Тәңір тау... айнала тап таза, мөлдір... сұлулық құшағында екі өмір... Бірі сұлулықты жырлаған... сұлулықты жақсы көреді... екіншісі ...

 Жуалы , көктем... Тәңір тау екі жан... бірі таудан қайтқан екіншісі сол тауға ұмтылған ... Бірі оған сәттілк тілесе... екіншісі ....

 

 



Бөлісу: