Құпия хат

Құпия хат
жеке
блог

О, Биіктік сен мені құлатпағын, құлатпағын, өзгеден көмек сұратпағын... Мұңайтып , жылатсаң да,жұбатсаңда өзгеден жылулық сұратпағын... О, Биіктік сен мені ұмытпағын, ұмытпағын сұлу сезім, асау жүрек өзгеден, нұр сұратпағын... Бәрінен де, бәрінен де қымбат қой, өзге емес өзіңнен у татқаным... О, Биіктік, сен мені құлатпағын, сараң - тағдыр , мені өзгеден қайыр сұратпағын... Көкірекетен итеріп кет демегің... қаламаймын, қызғаныш оқ, мені сұлатқаның, О, Биіктік сен мені құлатпағын, себебі, ар- туын құлатпадың, қаламайсың, Құлагер сенім құлағаның... О, биіктік , бөтенсіп мені, бөліп шеттетпегін, Сүйіп өтем, қалғанша ақтық демім... Көріпте көзбен, сезіпте жүрсің түйсікпен... Жанашыр жаның жүр мені бөіліп әлеміңнен...

Дейсіз бе, Қалқам, жанағы жазба , әзілме? -Жоқ, шамам келмес әзілдеуге, Ой санам, түсім, өнім, жүрегім де бос емес... сезімім құштарлықпен Сізді іздеуде...

Білесіз бе, Сіз жүрсіз ой- сана , жүрегімде, жиі енесіз, О, тоба, түсімеде... Махаббат- бал емес у - екен ғой... Мезгілсіз көктеген гүл сезімге... Алыстан аймалар ем, алыстасыз түспейсіз көзімеде, бұл сынақ берілген ғой құштарлық пен күресуге, болмай ма, жақын барып сүйсінуге... Тәңірім жазса екен, кездесуге... жанарыңмен түйісіп, сөйлесуге, ерік беріп жүректегі сезімдерге... Болмай ма, тым алыстан сезінуге... жүрегім, сезімім Сізді іздеуде,

Таныстық біздер, қоңыр күзде, бір үміт жылт етіп көңілде... Жыр менен нұр төгіп жүрекке, қуантыңыз бақыт сыйлап, мұң ішінде жүргенде... Арман не, айналсаңыз Сіз елеске, дайынмын тағдыр - бастық сөгісіне... Дейсіз бе, тыныштық бер дімкәс жүрекке, сырларда бар айтылар, жырларда бар оқылар, Болыңыз аман, тірі жетейік көктемге...

О, Биіктік сен мені құлатпағын, құлатпағын , өзіңде құламағын... Сүйген жүрек- жоғыңды көтере алмас... Көріппедің таулардың құлағаның... О, Биіктік сен мені ұмытпағын, бір көрейік, өмірдің Иран - бағын, бір терейік Тәңір тау қызғалдағын, ол бақытты сен менен қызғанбағын... жырыңменен ұқытырып бақыт- сор барын, сырыңменен ұқтырып тұман- тор барын.. О, Биіктік, сағындым жұпар көтеміңді, бұла сезім, қалайсың , қайта көктегеңді... Төзім жайлы айтпайық , сезім жайлы... бұл жүрек , өзгеден қызғанған жырларыңды, жырлайрыңды ондағы тұма сырларыңды, О, биіктік үйреттің қызғануды, жан едім сезінбеген жар қызғануды..

О,биіктік , жан едім, үйренбеген қызғануды, көңілде бір -күмән сұрақ туды... Қыздарсыз, сұлуларсыз... әне бір шумақ , қайдан туды...