Құның қайда бұрынғы шарықтаған!!!

Мен жақында кітап дүкеніне барып, Мұқағали атамыздың кітабын алмақ болдым. Барсам, құны көңіл толтырарлық 690 тг тұрады екен. Таң қалдым. Алайда, қуандым. Кенет, шетелдік бір әдебиетке көз түсті. Орыс тілді, кітап кіп-кішкене, тіпті шетелдік шедевр емес. Дегенмен құны 3190 тг! Дереу кітап сатушыдан сұрадым. Ол кісі сұранымға орай осылай деді де қоя қойды. Содан өзімдік зерттеу жүргіздім. Оң-солын ажыратып қарасам, қазақ әдебиеті осы күні ақсап тұр екен! Тіпті қазақ әдбиетін табу қиын. Себебі ол сирек, болмаса кей жерлерде мүлдем жоқ. Қоғам санасында ХХ ғасырдың шедеврлері ғана қалған осы күнгі бір жазушыны атай алмайды. Иә, осы күні жақсы жазушылар және жас мықты ақындар баршылық. Оны белгілі топ біледі. Алайда, халықтың басым көпшілігі шетелдік әдебиетке қызығады. Рас, ХХ ғасыр әдебиеті біздің алтын қорымыз. Ал қазіргі уақытта ше? Неге осы оқылық орын алуда? Әрбір әдеби шығарма бір идиология. Оны аударғанмен мағынасы қалады. Ал өзге елдің кітаптары сол елдің мұңын шағып, барын бар деп, жоғын жоқтары анық. Осы тұрғыда біз оңдық па деген сауал еріксіз көкейімді теседі. Баспадан басылып шыққан кітаптардың басым көпшілігі мемлекет тапсырысы бойынша шыққан. Оның саны санаулы. 2012 жылы Қалқаман ағамыздан кітабын беруін сұрағанмын. Ол кісі аз тиражбен шыққанын және таусылып қалғанын айтты. Ал мол тираж үшін, әрине, қаржы керек. Осы тұрғыдан алғанда ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің күйі қаншалық деген ой шырмалап тастайды. Қайран тілсіз қастерлім – ай! Құның қайда баяғы шарықтаған!



Бөлісу: