Күнтізбе
блог
Әлем болып бір уақыт пен кеңістікке бағынамыз. Оларға бағынбауға шара жоқ. күніміз де, түніміз де! Ал, енді осы айналамызда айналып жатқан уақыттың бір жүйесін алып біз -"күнтізбе" жасадық. Бір қызығы сол күнтізбенің адамзат тарихында қолданылуы бірдей емес, енді сағаттық белдеу, жер дөңгелек, дегендей ғылыми тұжырымдарға байланысты. Дегенмен, біз бүкіл тарихты 0 ден бастадық, бала туыла салып 1 жасқа келген жоқ, ол "0" ден бастады бәрін, өсе келе бірден 1 сыныпқа барған жоқ, "0" дейтін сыныптан бастау алды, сандық жүйеде 0 ден басталмайды ма, сызығыш ше ол да 0 ден басталады. Тек, сағат пен күнтізбен 1 ден бастадық. бәлкім ғалымдардың зерттеуінде бір нәрсесі бар болар. Бірақ, енді мына қызыққа қараңыз, егерде күнтізбе 0 деген айдан басталатын болса мынадай жағдай болады:
2014 жылы қаңтар айының 24-ші жұлдызында дүниеге келген бала жыл сайын сол күні яғни, жұма күні тойлайтын болады. Яғни, аптадағы күндер ауыспайды. Тұрақты бір күнге түсіп отырады. Дұрысы осы. Ертең дүние есігін ашқан сәби шал болғанда қай күні туылып едім деп шатасып отырмайды, шартты түрде сол күн айналып келіп отырады.