Күңіренбе күз келді деп...
блог
Өмір неткен ғажап ең!
Күз. Бұл мезгіл біреуге ұнаса, біреуге мүлдем ұнамайды. Сондықтан да ол кейде бізге өкпелейді де) Несін жасырайын, табиғаттың тылсым кұбылысы мен керемет өзгерісін мен қатты жақсы көремін. Жаз бітті деп түңіренудің қажеті жоқ. Себебі, күз жаңа ертегі. Жаздың жайма шуақ күндерінде сен өзіңді бақытты сезінесің, білемін. Бірақ, қоңыр күзде сен ертегі әлеміне енгендей боласың, сенші?!
Иа, біріміз мектепке барғымыз келмей "күз келмесе екен" дейміз. Ал Сол мектептегі кездерін қайтаруды армандап жүрген тіпті, мектепке жете алмай жүрген жандар қаншама екенін ойлап көрдің бе? Әрине жоқ. Құрметті оқушылар, күз келгенде қуана-қуана мектепке баруға асығайықшы. Себебі, ол кез ешқашан да, сен қатты қаласаң да, қайта келмейді...
Әрине, күз келді деп студенттер қатты қыйналады. Себебі, жылы төсек пен анасының ыстық тамағын қыймайды. Шыны керек, "Оқумен бас қатырғанша үйде демалып жатқанға не жетсін" дейміз. Анам мен әкемді, бауырларымды қатты сағынамын ғой деп ойламаймыз, мойындайықшы? Есесіне қалаға жетіп, өзіңмен өзің қалғанда дайын тамақ пен жаюлы дастарханды емес, ата-анаңнан жырақта жүргеніңді жиі ойлайсың. Оларды қатты сағынасың...күзбен бірге күңіреніп күнделікті күйбең тіршілігіңе кірісесің. Еркіндіктің самал желі алдыңнан есіп тұратын студенттік шақты қайтару мүмкін емес екенін түсінеміз. Уақыт өте келе үйге емес, универге (немесе басқа оқу орындарына) асығамыз ғой. Эх, студенттер-ай.
Қалаға келген күніме көп болмаса да үйімді қатты сағындым. Үйімнің ішіндегі жұмағымды сағындым. Әкем мен анам ғой) Дегенмен, оқу ордама асыққанымды мойындаймын! Себебі, мен мамандығымды сүйемін, группаластарыммен көңілді күндерді өткіземін. Так что, күз келді деп күңіренбейікші?!
Р.S: Шынымды айтсам күз маған шабыт береді. Ал, шабыт - менің ертегі әлемім!