Әр күннің өз несібесі бар. Ол әрине, таңғы уақытта беріледі. Сондықтан, таңды қалай қарсы алсаңыз, күніңіз де сондай болмақ. Біздің интернатта әр таң "Жыр шұғыла" атты бас қосумен басталады. Аптаның алғашқы күні таңғы жиынымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен бастасақ, қалған күндері "Дарын" әнұранын шырқаймыз. "Дарын" әнұранының пайда болғанына жарты ғасырдың жүзі болыпты. Оқушылар арасында арайлап атқан таңды әнұранмен бастау салтқа айналған. "Дарын" әнұранының әр сөзі алға жетелесе, әсем әуені күні бойына сергектік пен жақсы көңіл күй сыйлайды.
"Салтымыздың санама берілісін
Қызықтайын қайратты елім үшін
Білім, байлық, бірлігін сақтамаққа,
Себеп болам тұғырлы елім үшін" деп басталатын әнұран "Дарын" мектебінің бар болмысын ашады. Алғашқы тармақтарынан-ақ мектеп-интернаттың өзіндік салттары бар екенін аңғару қиын емес. Шын мәнісінде, дарындық оқушылар арасында жалғыз тамақтанбау, жоғарғы қабатқа оң жақ басталдақпен көтеріліп, сол жақ баспалдақпен түсу сынды қағидағалар бар. Мұның барлығы ғұлама Әл-Фарабидің: "Тәртіп бар жерде - білім бар" деген нақыл сөзіне келіп саяды. "Болашақтың шыңына байрақ ілем,
Серт етемін сері елдің сенімі үшін",-деп әр күнімізді "Елдің ертеңі үшін білім аламыз" деген сертпен бастаймыз. Берген сертті орындау маңыздылығын да сезінеміз. Оған қоса, "Жыр шұғыла" жиынында апталық, айлық тақырыптар бойынша өлеңдер оқылады, әсем әндер шырқалып, күй де ойналады. Кейде дарындық сұлулар мың бұрала билеп те жатады. Мұның бәрі таңғы көңіл күйді қалыптастырып, руxани байлықтың қайнары болады. Міне, Дарын мектебінің оқушылары өз таңын осылай қарсы алады. Жас дос, ал сен арайлы таңды қалай қарсы аласың?