Құндызды - Шет Шыңғыстау өңірінің ең ағашқа бай өлкесі болғандықтан, осы атырапты аралаудың өзі тіршіліктің бір қызық саяхаты. Бөрлі тауының жүз шаршы шақырым жерінде тек қана дала сарымсағы өседі. Шыңғыс өңіріндегі бұл оқшау құбылыс Абайды да, Мұқанды да қызықтырған. 1957-жылы 60 жасқа толуына байланысты елін аралаған Мұқаң түн ішінде осы Сарымсақты жерге тоқтап, машина жарығында ұзақ әңгіме шерткенін кім ұмыта алғандай. Ал қарақат пен бүлдірген іздеушілерді Аякөз қаласынан қайтатын жол бойында жиі кездестіресіз.
Кәмен Оразалин
«Абай ауылына саяхат» (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 224-бет