Күнделікте қалған сыр.....
блог
Уақыт-ай! Қалай зымырап, байқатпай ғана өте шығасын?Қарап отырсам, сүйікті аташымның да өмірден озғанына екінші жылдың жүзі таяп қалыпты...
’’ Өмірдегі ең жақсы,ең аққөңіл,ең адал,бір сөзбен айтқанда, ең тамаша адам кім?,”-деп сұраса,ойланбастан: « Менің атам!,»- деп жауап берер едім......Ол кісі жайлы ой толғамау да қателік шығар...Атамның біреуге ұрыспақ түгілі, ренжігенің немесе қабақ шытқаның ешқашан көрмеппін. Атам- әрқашанда жайдарлы жүзді,ақжарқын,салиқалы ,сабырлы да салмақты, қашан болмасын күліп,немерелерің еркелетіп, балаларының асты-үстіне түсіп жүретін,ешкімге жамандық ойламайтын,керісінше барлық адамға тек қана жақсылық тілеп жүретін ,өте бір керемет адам ретінде мәңгілік менің есімде қалмақ...
Сол кездері, яғни атам асқазанның қатерлі ісік дертіңе шалдыққан шақтарда, өзімше күнделік жазатын әдетім бар еді.Жазған жазбаларымнан аздап үзінді келтіре кетсем деймін.
''Салем күнделік! Соңғы уақыттарда көңіл-күйім мүлдем жоқ. Оған өзідік бірнеше себептер бар.Ең үлкен себебі-атамның ауру хәлін күнделікті есту,жағдайының күн сайын нашарлап бара жатқаның ойлау-жүрегімді парша-парша етіп жыртып, өзегімді өртеп жібергендей...Дәл қазір ғана анашым хабарласты. Тағы да естігенім жүрегімді де, санамды да жоққа шығарған сол баяғы хабар болды.Аташымның халі өте ауыр екенін,тіпті жүруге де, су ішуге де мұршасы болмай жатқаның қайтара естідім.Анашым жылаған көрінеді.Дауысы тым әлсіз шығады.Анашымның мұндай дауысын есту жүрегіме қылыш қадалғандай әсер етті.Бірден : «Аташым қайтыс болып кетіп,апамының өлімін жасырғандай, жасырып отыр ма?,”-деген ой санама маза бермеді...“Әйтеуір атам аман ба?”-деп әлсін ғана тіл қаттым.Амандығын айтты. Жүрегім сәл-пәл орныңа түссе де, көңілімді өшпес қара мұң жаулап барады. “Өліп қалса ше?”,”Ары қарай не болмақ?”-деген ойлар жиі-жиі миыма келгінсірейді.Қазіргі уақытта өкіріп жылап алғым да келіп тұр.Алайда, сыңарымның ,яки егізімнің : ''Жаман ырым бастап жылама”,-деген сөздері мені аз да болса сабырға шақыруда.Атамның өліп қалғаның елестетудің өзі мен үшін үлкен үрей,қорқыныш болды. Қолымнан ешнәрсе келер емес. Шарасызбын! Не істеймін?Тек Жаратқанға жалбарынудан басқа амалым бар ма?’’,- деп ой түйіппін сол кезде... Тіпті күнделігіме тамған әр көзжасымның ізі тайға таңба басқандай, қаз қалпында тұр екен.
Ал арғы күні жазған жазбаларым атамның өмірден озып кеткені жайлы болыпты...
''Салем күнделік. Бүгін жұма. Көңілім бір түрлі өзім түсіне алмай отырмын. Тіпті өзімнің жыламай отырғаныма таңқалып та отырмын. Неге дейсің бе? Атам қайтыс болып кетті.Атамның дүниеден өткенің әпкемнен бес сағат бұрын естідім...Не істерімді тіпті де білмей отырмын.Аяқ-қолым тартылып,дәл сол уақытта өз-өзіме келу үлкен азап сияқты көрінді.Кейбір достарыма көп рахмет! Қиын сәтте қасымда болғандары үшін...Достың қандай адал екені,немесе арам екені осындай сәттерде қатты байқалады. Бұл жайлы сосын сыр шертермін,жазып жатқан тақырыптан ауытқымайын.Атамның дәл бүгін қайтқаныңа бір жағынан жыласам,бір жағынан қуандым.Себебі, атам жұма күні көз жұмды.Естуімше, жұма күні қайтқандар жұмаққа барады екен.Ең бастысы-осы емес пе? Бұл өмір тек сынақ үшін берілген өмір.Нағыз өмір- өлімнен кейінгі өмір.Бұл өмір түкке де тұрмайды. Қанша рет адамдармен ұрыссақ та,оларды көре алмаушылық болса да, оларды менсінбеушілік болса да,бәрібір ана өмірге барған соң барлық адам бірдей дәрежеге түсеміз.Тек кінәнің көптігі жағынан емес, әлеуметтік жағынан...Бұл жайлы да уақыты келгенде толғанармын...
Өмір-ай қандай қатал едің???”,-деп, өз ойымды түйгендей болыппын.
Қакен Қамзин атай айтпақшы,шабыт- тек қиналған сәтте келеді екен. Менде де дәл сол кезде үлкен бір түсініксіз шабыт пайда болды.Дәл ақындар тәрізді шығармасам да,сол кезде шығарған “Қайран өмір-ай”атты өлеңімді сіздермен де бөліскім келіп отыр:
Қайран өмір-ай күйзелтіп мені барасың,
Жыртып жібердің сорлы жүректің жарасын.
Қуантып бәрін біреуге беріп жан-дағы,
Қайғыртып бәрін біреудің жаның аласың.
Қайран өмір-ай қиналып кеттім,қиналып,
Өлгелі жатыр аташым менің жиналып.
Жақсы деп қояды,оны да бізден жасырып,
Кішкентай ма едік қалатын соған иланып.
*******
Қайран өмір-ай жүректі қинап жаралы
Бір жұлдызтжанып,бір жұлдыз ағып барады
Аташым өлді,істерге амал қалды ма?
Қаралы жұрт еңіреп қалды,қаралы.
Тірі адамбыз,өмір сүреміз ары қарай
Өмірден өтті бір адам тағы аңдамай,
Қинамандаршы қабірді суға толтырып,
Дұға оқиықшы ,артынан оның зарламай.
”Тірі адам тірлігін істейді”,-демекші,
Сабырлық етіп,тәубаға енді келейікші,
Жұма күні қайтыс болды ғой атамыз,
ИншАллах,жұмақтық болатынына,
Шүкірлік айтып,сенейікші.
Жұмақ деген ол- мың есе артық өмірден
Жақсы адамдар ғана, қаяу түсірмес көңілге,
Алланы көреді,бұдан да артық қуаныш,
Бола қоймас-ау мынадай жалған өмірде
Бір күні біз де өлеміз-дағы өлеміз,
Көнбеске амал қала ма сонда, көнеміз.
Бес парызымызды орындайықшы ағайын,
Сонда ғана біз жұмақтық болып сөнеміз.
Тозақтық болу- ең жаман нәрсе өмірде
Жаның қиналып,қараңғы түбек қабірде
Амал қыл қазір,амал болмайды ол кезде
Намаз оқышы , тәубәлік етіп Тәңірге!
Жақсылық жасап,жамандықтан аулақ болыңдар!
Екі іс тұрар әрдайым сенің жолында
Біреуі-жақсы,біреуі-жаман бұл істер,
Өз еркін сенің,таңдау өзіннің қолында!!!
Толық оқып шыққандарыңызға рахмет!