Құлпынайды тазарту үшін шырын ішуге арналған қарапайым түтікшені пайдалансаңыз болады.
Егер сырға, винтик сияқты майда заттарды жоғалтып алып, таба алмай жүрсеңіз шаңсорғыш пайдаланыңыз. Ол үшін шаңсорғыштың басына капрон шұлық байлап қойыңыз.
Кабельдер шашылып жатпас үшін:
Кастрюльдердің қақпағы шкафта орын ала ма, онда оны есігіне салып қойыңыз:
Егер кілетте біраз орамдар мен қаптайтын қағаздар жиналып қалса, жерде шашып қоюдың қажеті жоқ. Төбеге екі сым байлаңыз да орамдарды соған қыстырып қойыңыз.
Пульверизаторлы бөтелкелер көп орын алса шкафқа маңдайша қағып қою арқылы шеше аласыз.
Бос шыны банкалар мен бөтелкелерден оригиналды сурет рамкасын жасауға болады.
Ваннадағы шкаф есігінің ішкі жағына магнитті жолақ жапсырып қойыңыз. Барлық металл бұйымдарды соған қыстыра салсаңыз болады.
Солярийге барсаңыз қалпағын тастауға асықпаңыз, онымен аяқ-киімдерді сақтауға болады.
Бір жерде көп кабель тұра ма? Бәрін бірге сақтау тиімсіз, өйткені шатасып кетуі мүмкін. Ең дұрыс шешім дәретхана қағазының астындағы қатты қағазға бөлік сақтасаңыз ештеңе шатасып кетпейді.
Ванна бөлмесіндегі гигиеналық заттарды қораптарға бөліп, сыртына "бет", "шаш" деп жазып, бөлек сақтасаңыз жинақы болып тұрады.
Кейде тортты сақтау үшін бетін целлофанмен жабу керек болады. Кремін жағып тастамас үшін спагеттиді тік тұрғызып тығып, бетіне целлофан жапсаңыз болады.
Ұсақ-түйек заттарды мынадай оригиналды түрде сақтауға болады. Ол үшін сізге бар болғаны шыны банка, сөре және желім қажет.
Төсек-орын жапқыштарын жастықтың тысында сақтауға болады. Осы арқылы сіз жапқыштарды ауыстырып алмай, жиынтықты тез табуға болады.
Аяқ-киім қорабын екі жағынан скотчпен желімдеңіз де жанынан кішкентай терезе кесіп қойыңыз. Сол терезе арқылы қай қорапта қай аяқ-киіміңіз жатқанын көре аласыз.
Суреттер: diary.ru