Күнделікті өмірде біз синтаксистік норманы сақтаймыз ба?

Күнделікті өмірде біз синтаксистік норманы сақтаймыз ба?
жеке
блог

Күнделікті сөйлеу барысында синтаксистік норманы сақтау, сөздердің орын тәртібіне сай дұрыс қолдану өте маңызды. Сөйлем мүшелерін орнына сай пайдалану дағдысы тілдік ортада өскен жандар үшін өскен ортасы сондай болғандықтан, қатты қиындыққа соқпайды. Бірақ, неге қазіргі таңда жастардың сөйлеу тілінде синтаксистік норма сақталмай, ауытқушылықтың басым болып жатқанын байқаймыз? Осы мақаланы жазу барысында өзімізбен қатарлас жастардан сауалнама алып өттім. Сауалнама нәтижесін қорытындылай келе, ең бір үлкен себебінің бірі біз ақпараттың 90 пайызын алатын әлеуметтік желі екеніне көзіміз жетті сонымен қатар қазақ тілі ережесін дұрыс өтпегендіктен және сөйлем құрастыру ережесін біліп тұрса да, асығыстық танытып, ойын жылдам жеткізгісі келетіндер де бар екен. Өйткені, біздің алатын материалдар күнделікті өмір сүру дағдымызға, іс-әрекетімізге, мінезімізге және де ең бастысы сөйлеу манерамызға беретін әсері орасан зор. Қазір біздің ең белсенді түрде қолданатын екі тіл бар, орыс және қазақ. Біздің тілдік жүйеміз, орыс тіліндегідей еркін емес, сөздердің орын тәртібі сақталуы қажет, әйтпесе, мағынасы өзгеріп кету ықтималдылығы жоғары. Мысалы, «Я думаю, что начну этот путь» деген сөзді «Мен ойлаймын, осы жолды бастауды» дегендей аударсақ, сөздің және тек қана сөз емес біздің тіліміздің құндылығын жоғалтып аламыз ғой. Сол себепті, Рәбиға Сыздық айтпақшы осынау еркін стильде қолдануға болатын, басқа салалардан жеңілірек стильді біз ерекшелігін сақтап қолдануымыз керек, себебі, бұл біздің тілге деген жанашырлығымызды, талғампаздығымызды білдіреді. Біз әртүрлі әлеуметтік желілерден синтаксистік норманы бірнеше бөлікке бөліп, қаншалықты сақталып-сақталмайтынын сіздерге көрсетіп өтетін боламыз. Мысалы, дәл қазіргі сәтте жастар арасында еркін форматтағы подкасттар ұйымдастырып, ютуб және телеграм каналдарға жүктеу өте жиілеп кетті. Сонымен қатар әр подкасттың өзінің тыңдайтын аудиториясы бар. Тақыптарына келетін болсақ, психология, діни, саяхат, даму, білім және одан да бөлек тақырыптарға өз пікірлерін айту арқылы түсірілген қазақ тіліндегі ақпарат көзі. Әрине, бұрынғыдан қарағанда қазір өз ана тілімізде ақпарат алу әлдеқайда қолжетімді болып келе жатқаны қуантады. Дегенмен де, подкастты кез-келген адам ұйымдастыра алатын болғандықтан, ондағы ақпараттардың қаншалықты дұрыс екенін және бастысы біздің тілдік нормалардың қаншалықты сақталатынын көбіне біле бермейміз. Сол себепті, синтаксистік норманы сақтап сөйлеу, біріншіден тілге жанашырлық, екіншіден өзіміздің болашағымызға деген жауапкершілік екенін түсінейік