Сәлем, массагеттіктер!!! Жалпы бірнеше күннен бері тәп-тәуір ақыл кіріп, не жазарымды ойланып жүрдім... Өзі қызықтау адаммын, оқуды көптен күтткенімнен ба, болмаса топтастарымды қатты сағынғанымнан ба жинала бастадым. Йә, өз үйімнен жатақхананың бағасы артып тұр қазіргі таңда... Содан екі-үш сөмке кітаптарымды көріп сіңілім шыр-пыр болып жүргенде, ішінен ескі күнделігімді көріп қуанып кеттім... Кезінде түрткендерімнен бірер қызықты дүние табылар деп ашып келіп жіберген жайым осы... Ал мен жаза отырайын, оқи отырыңыздар...
Өмір күнделігінен...
(Екі күнделігімнің бірін осылай атаппын...)
Барлық жанның өмірінде бір өзгеріс бар. Менде де солай болар ма еді, ешнәрсеге ұмтылыс жоқ. Ашынамын, әрине... Жалқаулығыма, босаңдығыма да... Келерден үміті бар бейм
әлім бір пендемін... Осы бір беймәлімдіктен қашан арылар екенмін?! Жо-жоқ, алдымен ұмтылыссыз өмірімнен дегенім дұрыс шығар,йә?
26.01.13
Алдын университет ішіндегі студенттер мен магистранттар арасындағы конференциядан алған орыным есіңде ме? Бүгін ағай шақыртып,соны журналға жариялайтынын айтты... Бір басталған істің жемісі де, жалғасы да мол болады екен, соны түсіндім...
31.01.13
Бүгін сабақтан шығысымен концерт көруге барғанбыз... Жүргізуші қыз аздап сөзінен қателесіп қалды. Тағы ана бір әншінің көйлегі мен аяқ киімі үйлеспейді екен...(Ал сен соған жеттің бе деймін өзімді кінәлап... Алайда бәрі-бәрі көрініп тұр). Түсінгенім, сахна олқылықтар мен кішкене қателіктерді кешірмейді екен... Онда шығу үшін мінсіз болуға міндеттісің!!!
14.02.13
* * *
Менен бүгін біреу: "Неге көп кешірім сұрайсың?"-деп сұрады. Үндемедім, тек іштей: "Бәлкім, кешірім сұрай отырып, өз қателігіңізді ұқтырғым келген шығар... Ізет көрсете отырып, ізгілік күткен болармын..."-деп жауап қайырғым келді... Тілімді әзер тістеп тұрдым...
14.01.12
Қалалық мәдениет үйінде тіл хақында акция өтті..."Ықылым замандардан бері жер бетінен қаншама тіл жойылды. Аңдардың да өз тілінде сөйлеп, құстардың да өз тілінде сайрайтынын жақсы білеміз. Ал өз ана тілінде сөйлемеген кісі сиырдың кісінегені секілді"... Бекжігіт Сердәлі қашанда сөзді тауып айтады...
02.12.11
Тағы да мұнда да көп нүктені тоғытып жіберген сияқтымын. Өзімнің алтын әкемдей болған сүйікті оқытушым СЕЙДОЛЛА САДЫҚҰЛЫ: "Көп нүктесі көп әңгіменің нашар болуы мүмкін емес..."-деуші еді... Осал болмауды жазса, әлі талай сыр бөлісермін сіздермен...
Ал сіз күнделік жазасыз ба? Қызық, не туралы жазасыз онда?
Мақпал Төребек