Күнделік жайлы.

Күнделік жайлы.
жеке
блог

    Бір қызықпен бөлісейін сізбен, оқырман. Үйде жүрген уақытымда бұрынғы деуге келмес, мектеп кезіндегі неше түрлі сырлар жазылған күнделігімді тауып алдым. Жеті қат жер астынан алтын тапқандай қуанғанымды көрсеңіздееер! Ааал, " Ескі дәптер еске бәрін салып көр" деп аша сап, кей жерінде қалай сықылықтап күліп, кей жазғаныма көңілімнің түскенін өзім байқадым. Құдды бір мен емес, өзге біреу жазған тәрізді. Сөз байлығы да, жеткізер ойы да керемет. Ондағы тұнып тұрған аңғалдық, балаң көңіл... Ашықтық, ғашықтық... Сол бір қалың дәптердің ішінде не жазылмаған... Бала шағым, болашағым... Барлығы...

   Күнделік! Жазатындар ғана түсінер оның жайын. Айналағыңдағы адамдардың саған жақын болу қолынан келмесе, күнделіктің қолынан келеді. Ол ең жақын, ең асыл, ең қымбат дүние бола алады... Дәл қазір қойын дәптерімді жанымнан тастамаймын. Үнемі сөмкемде жүреді... Сіздерге де өміріңіздің жарқын сәттерін жадыңызда сақтағыңыз келсе, күнделік жазыңыздар демекпін.