Күнделігім күлдірді-ау мені әбден))
блог
Жақында ауылға барып келгем. Мектеп кезіндегі дәптерлерім мен кітаптарым әлі сақтаулы тұр. Соларды ашып бір қарап шықтым. Сөйтсем арасында баяғы сегізінші сыныпта жазған күнделігім жүр.
Бірден парақтап отырып оқи бастадым. Әбден күлдім-ау... Көз алдыма сол кездегі көріністер қайта-қайта келе берді. Күлкілісі де бар, қайғылысы да. "Ең бақытты кезім" деп санаппын сол кездегі бір күнімді, "ең бақытсыз күнім" деп санаппын және бір күнімді. "Бір күні қатты ғашық болыппын". Есімін айтайын ба? (айта берейін, қазір баяғыдай құпия емес қой))) Есімі Бақыт болатын. "Бақыт менің мәңгілік махаббатым болса екен" деп бір жерге түртіп қойыппын. Ой, қаааааандай күлкілі десеңші.)))))
Күнделіктің арасында оның тіпті суреті де жүр екен. Бетін әбден сызып тастаппын, сірә, қатты қиналған кезімде суретіне қарап отырып шимайлап тастаған болуым керек)) Мені сол кезде "бақытты" еткен де, "бақытсыз" еткен де жігіттің қазір қайда екендігінен хабарым да жоқ. Мен сегіз оқығанымда ол 11-ді бітіріп жатқан-ды. Соңы қызық емес болып, тіпті келесі жылы-ақ оны ұмыт қалдырыппын. Қазір ойласам, күлкім келеді.
Күнделігіме жазған басқа армандарым жаймен орындалып келеді. Тек сол ғана орындалмапты)) Оған тіпті де өкінбеймін. Оған ғашық болғанымның арқасында болашаққа деген армандарым биік болды. Оған ғашық болмағанымда қазір күліп еске түсіріп отыратын сол күнделікті жазбас па ем...
Қазір неге күнделік жазбаймын десем, ғашық болмай жүр екем ғо)))