Күнбағыс секілді қозғалатын Smartflower күн электр станциясы

 Жер бетінде жылдан жылға техниканың, әлемнің дамуы және адам саны көбеюі энергияға деген тапшылықты арттырып жатыр.

Осы мәселелерді шешу барысында қазіргі таңда өнертапқыштар өз жобаларын жетілдіру үстінде.

Сол жобалардың бірі Smartflower шағын күн электр станциясы.

Бұл жобаның құрылымдық жұмысына қысқаша тоқтала кетсек.

Жоғарыда суретте көрсетілгендей гүлге ұқсас, 12 жапырақ тәрізді ауданы 18м² құрайтын күн панелінен тұратын экологиялық таза энергия көзін өндіретін жаңа жоба. Осы Smartflower шағын күн панельдерінің өндіретін қуаты 2,745 кВт-ты және монокристаллды күн панелінің пайдалы әсер коэффициенті 21%-ды құрайды.

Одан бөлек қолайсыз ауа райы кезінде және түнгі уақытта жиналмалы болып келеді. Жиналу барысында әр панель шетінде арнайы щеткалар орналасқан. Бұл күн панелін шаң, лас және кір болу кезінде бетін тазартуға негізделген.

Тағы бір артықшылығы бұл гүл арнайы датчик арқылы күннің түсу бұрышына перпендикуляр бұрылады. Күннің түсу сәулесі күн модулінің бетіне перпендикуляр болған кезде электр энергиясының өнімділігі максимум мәнде болатыны қуатын арттырады.

Екі Smartflower тұрмыстық орташа үйді электрмен қамтамасыз етуге жеткілікті болып келеді. Жоба өзін ақтау уақыты шамамен 20 жылды құрайды. Жаңартылатын энергияға өту, дамудың жаңа сатысы.

Мақала авторы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс магистранты Қоңыратбай Елбасы Ералыұлы

 



Бөлісу: