Күн - шуақтым менің!

Білесіздер ме? Шабыт деген айтып келмейді. Ертеңге қыруар тынымсыз тіршілік жоспарым бола тұра мен мұнда түн жарымында жазушысымаққа айналып отырмын. Сол шабыт қой маған тыныштық бермей жатқан :)  

Жә ,  бастайын) Мен онымен сонау жаңа өмірге қадам басып , балалықтың бал дәмімен қимай қоштасқан  1 - курсты аяқтағалы жатқанда таныстым.Таныстығымыз сол кәдімгі желі арқылы басталған.Ол бірден жігіттің төресі көрінді.Жо-жоқ оның бойында алып бара жатқан серілік те жоқ.Көздің жауын алатын сымбатты да емес.Тек шынайы  болмысы , жігіт деуге лайық жігерлі мінезі және мен кітаптарда оқитын ханзадаларға ұқсайтындығы :) Мен бала кезден кітаптағы махаббатқа бар болмысыммен сеніп өстім.Оны көргенде сол тілегім тіл қатты.Қоңырауын асыға күтіп , экран бетіне есімі шықса " бақытты " болушы ем.Арайлап атқан таңнан сәлем айтып , түннің қайырын тұрақты тілейтін хаттары да жаныма жылу сыйлайтын.Жүзімдегі жымиыстың да себепкері сол болып жүрді .Тәтті шақтар екен ғой) Міне , осылай көктемнің әдемі кешінде мен оған жауабымды беріп , сүйіп өтуге серттестік. 

Содан бері нелер өтпеді басымыздан.. Бақыт бізге бірден бұйыра қоймады.Талай рет тағдырға шағым айтқан кездерім болды.Жооқ , махаббатымыз сөнген емес.Тек бәрі турасынан бола бермейді ғой.. Тіпті қанша рет жаңа өмір бастамақшы да болдық.Бір-бірімізсіз.. Сезім дес бермеді.

Жақында ғана жылды артқа тастап қуанышымызды тойладық.Өмірімде қандай қиындық болсада оның иығы сездірген емес.Кейде балаша еркелеп айтқанымды жасатам..Ал кейде ұрыса қалса , жанарыма жас дайындап "жәбірленуші " бола қалам.Ондайда шыр-пыры шығып , жұбатып әлекке қалады :) Тіпті таусылмайды тәтті күндер.Жанымды үнсіз ұғып , мендегі қиыншылыққа шын қиналғанына сансыз рет куә болдым.Қолымды үнсіз қыса түсетін.Мен жалғыз емес екенімді солай-ақ сеземін.Алыстағы тілеуімді тілеп жүрген , жанашыр жақындарыма да " бара алмайтын " кездерде жалғыз жұбатушым бола білді Ол. Алладан кейінгі ... Мен бақыттың бағасын Ол арқылы ұғындым.

Қаһарын төккен қытымыр қыстан соң , көркімен көздің жауын алатын ерке көктемнің келетінін бәріміз білеміз ғой.Күн шуағы болады емеспе жүзімізге мейірім леппен төгетін.Міне , өмірімнің сынға толы сан тарауында ,жүзіме бақыттың күн шуағын төгетін сенің барың қандай жақсы Күн- шуақтым менің! 



Бөлісу: