Сіздің ойыңызға, қиялыңызға мынандай ой келді ме: "тамақтарға да тамақ керек, және олар да көбейе алатын болса?" деген? :) Әрине келмегеніне сенімдімін, себебі біз тамақты тек адамдар дайындай алады деп ойлаймыз. Бір сәтке тамақтар да тамақ жеп, көбейіп, сөйлесіп, өздерін қорғап, ойлай алатынынын елестетіп көріңізші ....
Флинтке "апаратыңның туғызған зардабын жоямыз" деп алдап, арал адамдарын қалаға көшіріп жібереді. Біраз уақыттан кейін аралға қайтып келген Флинт және оның достары таңқалыстан ауыздары ашылып қалады. Себебі, ол жерде тамақтар, көкөністер, бәрі өз бетінше адамдар сияқты өмір сүріп, көбейіп өздерінше қоғам болып өмір сүріп жатады...
Меніңше, кішкентай балалардың көңілінен шығатын, оларға түсінікті болатын ғалым болғысы келетін балаларға айналдыратын жақсы туынды шыққан. Әр өсімдіктің қозғалысы мен шығарған дауыстарынан әр бала қуанатынына көзім жетті. Кеше бізбен бірге барған әр бала мультиктің ішінде өздері де жүргендей қуанысып қайтты. Басқа мультиктердегі анайы сөздер жоқ, өкініштісі қазақ тіліне аударылмағаны.
Өзіңіз ғана киноға бара бермей бір уақыт үйдегі кішкентайларды да қызықты мультикке апарып тұрыңыз :)
Сіз де мен сияқты мультиктерді ұнатасыз ба?