КҮН

КҮН
жеке
блог
Ғайып болдым бейуақ өміріңнен,
Қимастығың қинайды сені білем.
Сен мен үшін жаңбыр боп төгіліп ең,
Мен саған қолшатырдай көрініп ем.
Жарысқан жылдарым-ай желмен ескен,
Секемшіл сезімдермен мен де егескем!
Шырағын үмітіңнің үрлеп тындым,
Əрбірі СЕН боп өшкен..!
Жердемін… Жүрек-ояу, сезім аман,
Тағдырдың төзеді екен тезіне адам.
Естелігін өткенім жаңғыртса да,
Келер күн қол созып тұр өзі маған.
Жалғыздыққа жолығып түнді өткерем,
Сəттердің көмейіне жыр кептелген.
…Шуағыңа шомылдым, сол сенбісің
Мені бір көру үшін Күн боп келген?!
Әлия ІҢКӘРБЕК   2016