Құлыным

Құлыным
жеке
блог

Әр жылдың 1 сәуірінде таң атпастан үйдегілерді алдайтын әдетім бар. Қанша  келесі жылы алданбаспыз десе де, ұмытып алданып қалатын. Сөйтіп 1-ші сәуір күні таңертен далаға шықсам, биеміз құлындапты. Құлыны сайға қарай сырғыыыып бара жатыр. Әлі аяқтана қоймаған.  Сайдағы арыққа жетіп қалыпты. Жанына барып көмек берейін десем, биеміз (аты-Елена) өзінше қызғанып жолатар емес. Үйге жүгіріп атам мен ініме айтсам, өздерінше "бұл жолы алдай алмассың" деп ашуыма тигені. 20 минуттай жалындым оларғы. Әйтеуір әзер дегенде шығардым-ау. Екеуі жүгіріп құлынды сайдан шығарды. Атын сәуір қойдық. Өзі әзіл күнінде туылғаннан ба өте көңілді, шошақай құлын еді. Содан кейін ешкімді  алдамайтын болдымFrown.

Сол құлынымды өзіме қарату үшін жағымпазданып күнде бір "барбаристен" жаныма шақырып алып беретінмін. Бірде барбарис бітіп қалып, сандықтың түбінде жатқан  бір иристі бере салып едім..... Тістеріне жабысып, күні бойы қиналыыып жүрді. Содан кейін кәмпитпен алдай алмадым. Жоламады жаныма.