КҮЛІП-ОЙНАП ОРТАМЫЗДА ЖҮРЕ БЕР, ЖАУТАҢДАТПАЙ ЕКІ КӨЗДІҢ ҚАРАСЫН
блог
Күздің соңғы айларының бірі болатын.Сол күні қар аралас жаңбыр жауып,кун бұзылып тұрды.Мен өндірістік іс-тәжерибеден өту үшін,облыстық балалар ауруханасында болдым.Сағат он бірлер шамасында,екі баланы жан сақтау бөлмесінен шығаратын болдық. Ағайынды екі бала екен.Үлкені жеті жаста,кішісі үш жаста.Үлкен баласының сол аяғы сынған,кіші баласының екі аяғы сынған екен.Палатаға әкелгенде жаутаңдаған көздерінен шыққан жасты көргенде,жүрегім езіліп кете жаздады..Әке-шешесмен ауылына бара жатқанда,көлік апатына ұшыраған.Әке-шешесі сол жерде көз жұмған екен.Ия уған-туыстары келіп тамақ беріп,жұбатып жүрді.Бірақ қанша жерден жұбатқанымен ананың бір ауыз сөзіне жетпейді ғой.Сол күннен бері оларды әлі ойлап жүрмін,тағдырын ойлаймын.Екеуінің тағдыры қалай болады екен,ер жеткенде ешкімнің мазағы болмаса екен,кейін үлкен әулиет болса екен деп-,сырттай тілеулерін тілеп жүремін.Мен жазып отырған себебім,байқамай,еркелеп,анамыздың көңілін қалдырамыз.Кейін сол ой маған маза бермейді,мені тоғызай құрсағында көтеріп,жүргенімізше қолына алып,кейін мәңгі жүрегінде сақтайтын сол анамыз ғой.Біздің бір нәрседен жолымыз болмай қалса,оған анамыз кінәлі емес қой.Бірақ анаға ренжейміз.Ешқашан қатты сөйлеп,тілге жеңіл жүрекке ауыр тиетін сөзде айтпау керек.Қолымыздан келгенше бақытты етуіміз керек,олда бізге мәңгі бақыт тілейді емеспе.Қаншама отбасылар бар,анасымен араласпай кеткен.Кейін кеш болғанда өкініп жатады.Анасыз күнің күн емес қой.КҮЛІП-ОЙНАП ОРТАМЫЗДА ЖҮРЕ БЕР,ЖАУТАҢДАТПАЙ ЕКІ КӨЗДІҢ ҚАРАСЫН.