Күліп қара өмірге...
блог
«Өмір – сын» дейді...Рас, өмірде небір оқиғалар, жайттар болып жатады. Бірақ ешқашан да тұрақты болмайды, алма-кезек. Бірде нөсерлі найзағай соқса, бірде жайма шуақ күндер болады.
Өмірде болған оқиғаларға қарап, одан көңілім қалды, өмір сүргім келмейді дейтіндерді талай естіп, талай көріп жатырмыз. Бірақ өмірге тек күліп қарай білу керек. Сонда өмірден де сенің алар жақсы сәттерің молая бермек.
Күлкі – өмірдің кілті. Өмір деген – күнделікті тіршілігің. Күнделікті өмірде былай, біреу күліп қараса, еріксіз сенің де езуіңе күлкі үйірлейді. Өмірде де дәл сондай жағдай...
Адамның күлкісіне қарап оның жандүниесін де бағалаймыз. Мысалы, ашық күлкі иелері бауырмал, ақ көңіл келеді. Психология және медицина саласы мамандары күле білмеген адам депрессия мен тұйықтануға ұшырайтынын анықтаған. Осы тұста қытай даналығы «ашулы жұдырық жымиған жүзге соқтықпайды» дейді.
Ал күлу үшін біз бет пен бастың 15 бұлшықетін қимылдатады екенбіз. Сондықтан күлкі өмірді ұзартатыны да шындық. Ал Лев Толстой күлкіні әсемдік деп бағалап, оның 97 түрін анықтаған екен.
Күлу – адамдар қатынысының да маңызды бөлшегі екенін ұмытпаңыз. Мысалы езудегі жымиюдың өзі адамның өзіне сенімділігі, еркіндігі, достығы, мейірімділігі, ләззаты, қуанышы, келісімі, тіпті бақытын білдіреді. Ал күлкі иесінің жанына - тыныштық, жылу, деніне - саулық сыйлайды.
Осыған қарап, күлудің адам өміріне қаншалықты маңызды, пайдалы екенін көреміз. Сондықтан, достар, жиі күле жүрейік.