Күлімдеші

Күлімдеші
жеке
блог

Жаны жайсаң адамдар ортамызда көп қой. Бірақ соңғы кезде адамдардың өте аз күлетінін байқап жүрмін. 

Таңертең көшеде жолдың бойымен бір өте сұлу қыз кетіп бара жатыр екен. Бірақ қабағы бір ашылмады. Қабағын қарс түйіп жолда кетіп барады. Мүмкін ол расымен өте жақсы адам шығар, иә достар?! Егер ол сол кезде жылы шыраймен кетіп бара жатқанда, жігіттер жанына барып танысайық дер ме еді )) 

Өмірдің қиын екені рас. Ал ақшаң болмаса, тіпті қиын. Ақша үнемі жетпейді ))) Әркімнің қарақан басында бір-бір проблема. Бірақ қанша қиын болса да, үнемі күліп жүруге тырысайықшы! Үнемі жайдарлы жүруге, бір-бірімізге жылы қарауға тырысайықшы! Көресіздер, сонда сізге де адамдар көбірек назар аудара бастайды, достарымыз да көбейе түседі!

Сурет массагеттен алынды ))