Күлкі күніне арнап әзілдер салайын
105-ке келген атасы
Жігіт кішкентай баланың кәмпит жеп отырғанына қарап отыр.Бала оншақты кәмпит жегеннен кейін,жігіт шыдамай:
-Балам, көп кәмпит жеудің денсаулыққа зиян екенін білетін шығарсың?
Кішкентай бала:
-Ал, менің атам 105-ке дейін өмір сүріпті.
-Ол да көп кәмпит жеген бә?
-Жоқ, ол біреудің ісіне араласпайтын
ПЛАЩ
Троллейбуста қарт адам өте арық бір балаға орын беріп жатып:
-Отыр қарағым, сен мүлдем ап-арықсың ғой,не ауырып жүрсің бе?
-Жоқ рақмет, студенттпін ғой.
-Тым болмаса бер плащыңды ұстай тұрайын да.
-Ол, плащ емес ол менің досым Арман ғой!
Мотоциклист
Мотоциклист курткасын теріс киіп алыпты(алдын артына қаратып)кеудеден суық тимеу үшін.Аварияға түсіпті.Полиция куәгерлерден не болғанын сұрағанда:
-Басында демалып жатыр еді, басын орнына қойғаннан кейін демалмай қалды...
Келінге еліктеу
Бір күні бір шал мен кемпір келінді болыпты..Бір күні кемпір келіннің бөлмесіне кіріп қалса, келіні жалаңаш жатыр екен!!! Сонда кемпір:
-Әй,шырағым,әлі тұрмысқа шыққаныңа 2 ай болған жоқ,,,мынауың не?"-десе,келіні:
-ооой,әже,бұл махаббат көйлегі ғой"-депті. Ертесі күні шалы келіп бөлмесіне кірсе,кемпірі жалаңаш жүр екен! шал шошып кетіп:
-Ойбай-ау! Саған не көрінді десе,кемпірі:
-Бұл Махаббат көйлегі.депті. Сонда шал:
-Тым болмаса көйлегіңді үтіктеп кисең қайтеді??? - деген екен....