Күлкі күні ме, әлде алдау күні ме?

Күлкі күні ме, әлде алдау күні ме?
жеке
блог

«Сәуір болмай, тәуір болмайды» - деп айтылушы еді. Далада әлі қар жатыр. Қыс ызғары басылмай тұрғандай. Ал 1 сәуір келіп, күлмей алданып жүрміз. Бұған не дейміз?

1 сәуір – алдау күні ме, әлде күлкі күні ме? Алдаған адамың күлмей қалса ше? Мүмкін ренжіп қалса? Бәрі мүмкін. Мазақ еттің деп күйіп-пісуі де ғажап емес. Сондықтан да, алдаудан гөрі күлкілі әңгімелер айтып, күлкілі жағдай «тудырған» дұрысырақ секілді. Жалпы, бұл мереке ретінде аталып жүрген 1 сәуірдің тарихы қандай? Білеміз бе? Мен білетін бір-ақ нұсқа бар екен. Оны да баяғыда ауылда бір қарт кісіден естігем. Мүмкін сол кездің өзінде ол кісінің сөзіне алданып қалған шығармын. Себебі, содан бері алдау мен күлкі қатар жүр. Ол кісінің айтуынша, 1 сәуір күні сол кездегі КСРО басшысы бір мемлекеттің басшысын алдаған екен. Ол басшының атын, кімді алдағанын да айтқан еді. Бірақ, ұмытып қалыппын. Ал сіз бұл туралы қандай нұсқаларды білесіз? Айта отырыңыз.

Соңғы жылдары ақпарат құралдары да 1 сәуір күні алдауды «дәстүрге» айналдырып барады. Бүгін таң атпай жатып бір ақпарат оқып, өзімше сенсация жасауға шақ қалдым. Кейіннен барып алдау күні (болмаса күлкі күні) екені есіме түсіп, бір «жынданып» алдым. Ал одан кейін басқа ақпараттарға қалай сенесің? Иә, шындыққа жанасымды ақпарат болса, бір сәрі ғой...

Бүгін көп ақпарат құралдарында ақпарат аз жарияланған шығар, бәлкім. Өйткені, бір-біріне сенбестікпен қарауда. Естеріңізде болса, осыдан бір жыл бұрын massaget.kz сайты да үш жалған ақпарат жазған болатын. Кешкісін жалған екенін ресми түрде жарияладық. Оқырмандардың өзі де тапты. Сосын өшіріліп тасталды. Тіпті, кей сайттар алдау күні екенін ұмытып кетсе керек-ті. Копирайт ақпараттары өшірілмей де қалды.

Иә, сонымен 1 сәуір алдау күні болды ма, күлкі күні болды ма? Айтып жіберіңіздерші)))