Күлейін бе?
жылайын Ба?
Ана тіліміз-қазақ тілі,керемет тіл деп мақтанамыз әрқашан. Ал біз мақтан тұтатын ана тілімізді басқалар бүлдіріп жүргені қынжылтады мені. Біз қазақ тіліміз бар, дініміз бар ұлт емеспіз бе? Бір түсінбейтінім біздің басқаның тілінде не шатағымыз бар осы? Білмеймін....
Елді дамытамыз,болашақтың іргесін бірге қалаймыз,болашақ жастардың қолында деп әдемі сөзбен әрлейміз де қоямыз әйтеуір. Ал осы бір сөздердің іске асып жатқаны шамалы-ақ.
Шындығында,Қазақстанның әр отбасында нағыз қазақтар өсіп жатқанына кім кепіл. Бәрі орысша . Қазақша сөйлесе заманнан қалып қояды деп қорқады ата-ана. Сонда қалай, тіліміз құлдырайды-ау,ана тіліміз ластанады- ау деп қорықпағаны ма? Сонда қалай, ел үшін жаны ашымағаны ма ешкімнің? «Отан отбасыдан басталады» деп мақалдатады өздерінше.Ал осы мақалды тереңінен ойлаған кім бар? Жастар орысша сөйлейді деп ренжиді үлкендер. Байғұс жастар не істей алады орысша сөйлегеннен басқа. Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі емес пе? Қазіргі жанұяларға таң қаламын орысша сөйлетіп қояды бесіктен белдері шықпаған балаларын. Кішкентайынан құлағына орыс тілін құяды да, мектеп жасына келгенде қазақ мектебіне береміз дейді өздерінше намыстары оянып.Бала қалады аң-таң болып өзінің кім екенін білмей мама,папалап.Баланың миын ашытады қазақша арнайы ,ақылы курсқа беріп. Сөздің шыны қазаққа қазақша үйретеді осылай.Мектепкеде келеді «мугалим» деп шүлдірлеп.Оны қоя берейік орысша, ағылшынша керек деп тағы бастайды мұғалім. Содан ақша беріп ағылшынша үйретеді заманнан қалып қоярмыз деп ата-ана. Өзге тілдің бәрін білу керек дейді балаға.Не істейін күлейін бе? жылайын ба? Осы бір мақаланы жазып отырғаныма да ұяламын шынымды айтсам. Қазіргі күні көрсетіліп жүрген «қошқар мен теке» мульфилміндегі қошқардың сөзі түседі есіме «Мал десең өзіңе тиеді».... Өзге тілдің бәрін білеміз деп өз тілімізді ұмытып қалмасақ болғаны.