Күлемін...

Күлемін...
жеке
блог

Күлемін...

Қарайлап өткен өмірге.

Қара бақ, күзгі көктем де...

Жүректің әлі есінде.

Есімде...

Өтпеген бірге сол күндер,

Тілдескен үнсіз мұң түндер.

Көрмеген жарқын жүзің де...

Кедергі болған кім-кімдер.

Жыладым...

Жылаңқы болып құладым,

Құладым-дағы қуардым...

Сен мені тек түсінбей...

Жылаттың тағы, қуандың.

Неге?..

Басқа да сұрау таусылмақ,

Басқамен құрау табылмақ,

Басқаның бағы алынбақ

Басқаның жаны жалындап...

Бұл күнде...

Көрінген көзге аруға,

Отын да даяр жағуға,

Өмірде бірге ағуға,

Көңілді бірге бағуға...

Жәй ғана күлем жымиып.

Іздемен бақыт басқадан,

Кеттің ғой, бағым...

Басқа адам

Сенің де ыстық деміңді

Жұтуға қимас басқаға...

Мен болсам...

Көрінген көзге ару да

Орныңды сенің баса алмас...

Дегенмен, оның орны бар,

Жүзімде ғана...

Күле алсам,

Күлемін...

Күле берем, күле жүрем,

Тамшыдай жас еш қалман жүрегімде...

Күлемін...

Күле жүрем, күле берем...

Жымиып қана қарайлап кең әлемге...