Мен негізі анекдоттар білмейді екем ше. Бірақ Жансаяның берген таяғын сындыруға болмайды! Сөйтіп, сіздерге Бауыржан Тұрабаевтің әзілдерін ұсынбақпын. Болатын шығар ия?)
Ал, кеттік!
Бір күні кәдімгі қырыаяқ "қой, ә бүгін ертерек жатайын, күнде жұмысқа кешігіп қап жүрмін" деп жатайын деп жатса, шешесі айғайлап: "Бар, құр-е, аяғыңды жуып жат" депті.
"Кеше КазГУГрадта мол қар жауды. Қар аралас ақша жауды. Түстен кейін студенттерді сенбілікке шақырыпты. Студенттер қолдарына күректерін алып барса, мұғалімдер жылтыратып тазартып қойыпты" :))))
Шалы шайы ішіп отырса, кемпірі бетіне түгел айран жағып, жанына кеп жатса керек. Сөйтсе шалы айғайлап: "атаңанәлет ыдысқа құйып әкелмейсің ба?" депті.
Атақты әнші өз аранжировщигінен: "бауырым, осы мен әнді қай тональностте айтам?" десе, әлгі: "Мәә, ол үшін компъютерді қосу керек" депті.
Болды) Таяқ Салтанатта! Дауайте) А, айтпақшы суретті іштеріңіз күйсін деп қойғам, без обид)))