Күле отырайық!( байқауға) Тағы бір мақсат

   Байқаудың екінші аптасыда басталды.Менің енді бір мақсатым бар еді. Өткен жолы жазбаған. Ол мақсатым- сатиралық журнал ашу еді. Сол журналға қазірден бастап әзілдер жинап жүрмін. Содан топтама. Бәрі блог жазып әуре болып жатыр. Арасында демала отырыңыздар. Бірге күле отырайық))

 

Күлейікші,әрқашан күлейікші..
Бұл дүниенің қадірін білейікші..
Әр күн сайын құдайға "шүкір" айтып,
Бақытты боп жадырап жүрейікші.
***
    3 жігіт бардан шығып, таксиге отырады. Таксист удай мас екендерін біліп қалады. Жігіттер мынандай жерге депті. Таксист арамдық ойлап, моторын қосып, 2 минуттан кейін сөндіріп:
- Келдік! - дейді.
Ақша төленді. Бірақ бір жігіт таксисттің басынан ұрып жібереді.
Таксист біліп қойды-ау деген оймен:
- Не үшін?
- Келесіде жәй жүр. Бізді өлтіріп қоя жаздадың...
***
Құмырысқа жүгiрiп келiп, пiлге:
- Қаш, қаш, су тасып жатыр! - дептi.
Пiл қашуға дайындалып:
- Қандай су? Терең ба? - десе, құмырысқа:
- Менiң мойнымнан келедi, - дептi.
***
Мектепте.Апай:- Егер, сабақты 4 пен 5-ке оқысаңдар жұмаққа барасыңдар, ал, 3 пен 2-ге оқысаңдар тозаққа барасыңдар,-десе, арт жақтан біреу: - Мектепті тірі бітіруге шанс бар ма?- депті
***
Дәрiгер, 1 апта болды түсiме футбол ойнап жүрген тышқандар кiредi.
- Мiне, мына дәрiнi iшсеңiз бәрi дұрыс болады.
- Ертең iшсем бола ма?
- Неге?
- Бүгiн финал едi.
 
Және менің блогыма лайк басып, комент жазза отырыңыздар!!!      https://massaget.kz/blogs/14836/


Бөлісу: