Әйелдің логикасы!!!
"Автобуста келе жатырмын! Жол ақысын төлеуім керек. Жанымда жас қыз тұр. Ол қызға "Сіз" дегенім дұрыс па? Әлде, "Сен" дегенім дұрыс па?! Аздап ойланып көрейін.. Бұл менің шағын-ауданыма апаратын жалғыз маршруттық автобус! Егер, бұл қыз соңғы аялдамаға дейін бара жатқан болса, демек, менің шағын-ауданыма бара жатыр деген сөз. Сөмкесінен Вино көрініп-ақ тұр! Демек, ер адаммен кездесуге бара жатыр! Бөтелкенің сыртына қарасаң, арзан Вино емес! Демек, көрікті жігітке бара жатыр! Біздің шағын-ауданда тек 2 көрікті жігіт бар! Оның біреуі - менің күйеуім, екіншісі - сырттай кездесіп жүрген жігітім! Сырттай кездесіп жүрген жігітке баруы мүмкін емес, себебі оған дәл қазір өзім бара жатырмын! Демек, бұл менің күйеуіммен кездесуге бара жатыр! Ал, менің білуімше (естуімше) ол менің сыртымнан 2 қызбен кездесіп жүр! Бірі - Алтынай, екіншісі - Мадина! Алтынай супермаркетте жұмыс жасайды! Демек ол қазір - жұмыста! Сонда, бұл қыздың аты - Мадина болды ғой! Жарайды онда.."
- Мадина? Жолақысын төлейін деп едім, кондукторға беріп жібересіз бе?
Қыз таң-қалған түрмен:- Сіз менің атымды қайдан білдіңіз?! ,-депті))
***
Бірде күйеуі үйіне сағат 3те ішіп келіп, әйелі ұрыспасын деп жайлап сағатты 3 сағат кейінге айналдырып қояды. Сосын әйелі оянып кетіп:
- Қайда жүрсің а? Сағат неше болғанын білесіз бе?
- Сағат 12ғой депті.
Сонда әйелінің ашуы тарқап:
- Жаным, не әкеліп берейін- депті.
-Су әкелші-деп жұмсап жіберіпті. Сөйтіп әйелі ас бөлмеге барса, бөлменің сағаты 3 болып тұр екен. Әйелі ашуға булығып күйеуіне барса:
- Сен қайда жүрсің а, сен келем дегенше сағат 3 болды ғой- депті.
***
Түсініксіз сұрақтар:
1) Түнгі 3-те телефон шалып алып:
- Ұйықтап жатырсың ба?
- Жоқ, біләд, сенің қоңырауыңды күтіп жатырмын!
2) ВКОНТАКТЕ отырғанда, осылай жазады:
- Не істеп жатырсың?
- Ұшақтан Парашютпен секіріп келе жатырмын! Көрмей тұрсың ба не?!
3) Телефон қоңырауы . . .
- Алло, сен қайдасың?!
- Дәретханадамын!
- Не істеп жатырсың онда?!
- Билеп жүрмін біләд)
4) Үй телефонына соққандар, үнемі осылай сұрайды . . .
- Алло, қайдасың?
- Ғарыштамын, оңбаған!