Күле білейік

Жер шарында олар үшін өміріңді қиатын аз дегенде екі адамың болады. Кем дегенде 13 адам сені өздерінше сүйеді. Егер сені жақтырмайтын адам болса, жалғыз ғана себебі саған ұқсағысы келетіндіктен болуы мүмкін. Әрбір түні ұйықтар алдында бір адам болсын сен туралы ойлайды. Біреуге сен өмірінің мәнісің. Сондықтан бізге дұрыс қарайтын адамдарды сүйе білейік. Жақтырмайтын, ұнатпайтын адамдарды ұмытайық. Өмірімізде қандай жағдай болмасын бір себебі бар екеніне сенейік. Мүмкіндік туса, қолдана білейік. Егер бұл мүмкіндік өміріңді түбегейлі өзгертіп жатырса, кедергі болмайық. Адамға қошемет сөз (комплимент) айту бір сәтке болсада сол адамды бақытты етеді екен. Сенің күлкің сені ұнатпайтын адамдарды да қуанта алады. Айналамызға қуаныш сыйлап, әрқашан күліп, мейрамды өзімізбен біргеК алып жүрейік. Бәріңізге сәттілік!!!



Бөлісу: