Өз-өзіммен қалған кезде оңаша,
Жұбататын қайда кеттің,Қараша?!
Жалғыздықтан қажып біткен жанымның,
Одан өткен қорқынышы жоқ аса...
Өшсе егер көңілдегі көмескі үн,
Дәл осылай жүрегімді жемес мұң.
Түннің суық бауырына тығылам,
Бауырына баспаған соң мені ешкім.
Қою түн-ау,сен несіне түнердің?
Мен түнерсем Тағдырыма түнердім.
Шемен болып қалып қойған мәңгілік,
Өткен күннің өкінішін білер кім???
...Сол баяғы өңін бермей өмір жүр,
Неге осы сенім әлсіз, көңіл кір.
Мен бәріне жеңіл қарай алсам ғой,
Басқашалай табар ма едім жөнін бір...