Құлақтан кіріп бойды алмай қоймайтын әндер
блог
Ал кеттік, басталды!
Шынымды айтсам музыканы тыңдауды бала күнімнен бастадым. Үйде ескі «Маяк» деген кассеталы магнитофон болатын, сол магнитофонда талай шедевірлерді тыңдағанмын. Әлі күнге естісем елең еткізбей қоймайтын CCCatch-тің «Cause You Are Young», Фристайлдың (Вадим Казаченконың) «Белая метелица», «Ах, какая женщина», «Modern Talking»-нің әндері.
Бертін келе Руки вверх, Дэмо, Вирус т.б көптеген әншілерді тыңдадым.
2006 жыл жұмысым үшін өте жемісті жыл болды, сол жылы жұмысқа келе сала құлағыма наушникті киіп, бірден МузАрт тобының «Әттең-ай» мен Ақылбек Жеменейдің «Айға қарап» әндерін қойып, ешкімге алаңдамай жұмысты қатыратынмын. Бірде басекем, осы сен қандай ән тыңдайсын деп сұрады, Әттең-айды атағаным сол еді, саған әлі ерте ондай ән тыңдауға дегені ))) Әлі күнге фавориттер қатарында тұр «Әттең-ай», ешбір «Күзгі баққа» айырбастамаймын.
Қазақ әншілерінен Ғаділбекті тыңдаймын деп еңсемді көтеріп айта аламын, өйткені жасыратын несі бар оның әндеріне қай-қайдағына еске түсіріп соңғы кездері «Қосыла алмаймыз» қорс-қорс жылап аламын. Бір рахаттанып көңілдің, көздің кірі кетіп жатады )))
Рамазан Стамғазиев, Мақпал Жүнісова, Ақбота Керімбекова, Бейбіт Сейдуалиева, Жұбаныш Жексенұлы, Гауһар Қаспақова сынды әншілердің аты менің жүрегімнің төрінен әлдеқашан орын алған.
Өзбекстан әншілерін де тыңдаймын.
Сосын билегенді қатты ұнатамын, әлі күнге дискачқа барамын, жұлқынып билейтін музыканың барлығын ұнатамын)))
Басқа көп тыңдайтын әндерімнің қатарында:
1. Sonique – It feels so good
2. Christina Aguilera
3. Тимур Родригез
4. Hossam Habib
5. Nancy Ajram
6. Rafet el Roman
7. Винтаж тобы
8. Morandi – Midnight train
9. David Guetta – Love don’t let me go
10. ВиаГра тобының барлық әні
Кейбір әншілерді ұмытып кетіп жатсам, пікір білдірсін қосып қоямын, олар тым көп мен біреумін сондықтан да бәрі есте қалмайды )))
Кезекті жігіттің төресі Қарасақалға ұсындым!