Мұндай әндердің ұнауы шарт емес, бірақ бір тыңдап алғаннан кейін біраз уақыт бойы сол ән ойыңнан кетпей, басыңда ойнап тұратын кездері болатын шығар, иә?
Мұндай әндер бойынша жасаған рейтингімнің ең жоғарғы позициясында мына ән тұр. Таразда бір таксиге мінгенде естіген едім. Құлағымда бір аптадай ойнады ғой деймін
https://youtu.be/oKrv2uQBlWI
Ал мынау енді «жұқпалыға» қоса, менің «Ең құсық әндер» хит-парағымда да бірінші орын алады. Мәшинеде отырғанда бір-екі рет еріксіз тыңдау бақытсыздығына ие болғаным бар. Кейін осы ән басталса, бірден радионың құлағын басқа арналарға бұратын болдым.
Charmani — Supermodel
https://youtu.be/dR6NYTWocIU
Мына ән туралы бірдеңе жазып жатудың өзі артық шығар. Онсыз да қазір танымал һәм атышулы болып жатыр
Kental — Халқым
https://youtu.be/uiSmQAwZPoM