Құлаққапқа құл болдық!

Қазіргі заманда технологиялар дамуының салдарыннан адамзатты рухани кедейлікке әкеліп соғуда. Қазіргі уақытта құлаққапты пайдаланбайтын адам кемде-кем. Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз тек қана телефон мен құлаққап. Құлаққаты қайда қолданамыз? Әрине қоғамдық орындарда, сабаққа барарда және қайтқанда. Одан бөлек құлаққапты қоғамдық орындарда тағып алып, ұйықтап отыратын жастарды көп байқаймыз. Зиянын біле тұра, соған жүгіреміз. Соның салдарынан қаншама адам өмірден қоштасып жатса, кейбірі жол апатына түсіп жатады. Құлаққапты таққанда әуенді бар дауысымен қосып аламыз да, басқа әлемге еніп кетеміз.

Армандаймыз, қиялдаймыз, кейде көкте "ұшып" жүреміз. Айналада не болып жатыр? Қызықтырмайды! Тек бір сауал қойсаң иығын қиқаң еткізіп отыра береді. Ғалымдардың айтуынша, құлаққапты тағу адамды ұмытшақтыққа және құлақ естуінің нашарлауына әкеліп соғады. Қазіргі кезде құлағы нашар еститіндердің қатарында егде жасқа келгендер емес, жастар көрінеді. Құлаққапты бір сағаттан аса тағу зиян екен. Ал біз құлаққапты неше сағат тағамыз? Кем дегенде үш сағаттан асады. Ал енді өзіңіз топшалай беріңіз. Қолда барда алтынның қадірі жоқ. Біреулер денсаулыққа зәру болса, енді біреулер сол денсаулықтың қадірін білмейді. Осындай халге қалайша жеттік? Өз-өзімізге аяушылық танытпаймыз. Әр нәрсенің өз мөлшері бар емес пе? Мөлшерден кемісе, ештеңе етпес, ал мөлшерден асса зиян. Айналып келіп өзімізге соғады. Сосын ауруханадан аурухана сенделеміз. Жиған қаржының көбін емделуге жұмсаймыз да, кейін өкініп қалып жатамыз. Дана халқымыз:"Денсаулық-зор байлық",-деп бекерге айтпаса керек. Болды, мен енді құлаққапты мөлшермен тағамын!



Бөлісу: