Құлақ па, әлде желдеткіш пе?
блог
Негізі мұндай тақырыптарда блог не мақала жазып көрмеген едім. Қызық нәрселерді білген соң бөліскім келіп кетті.
* Біз түрегеп тұрғанда неге құламаймыз? Бұлай болатын себебі - бұлшық еттер ешқашан толығымен босаңсымайды, олар әрқашан аздап ширығыңқырап тұрады. Мұндай жағдай медицина тілінде бұлшық ет тонусы деп аталады.
* Қорыққанның көзі үлкен. Адам қорыққанда немесе ауырғанда, көз қарашығының мөлдір қабатындағы бұлшық еттерінің жиырылуы есебінен ұлғаяды. Онымен бір мезгілде көз саңылауы да кеңейеді. Ерте замандарда бойжеткен қыздар жігітпен кездесуге шыққандарында қолдарын қатты шымшиды екен. Сонда көздері кеңірек ашылып, тартымды бола түседі.
* Құлақ па, әлде желдеткіш пе? Пілдерге үлкен құлақтар жақсы есту үшін керек емес. Олар оны желпуіш және тоңазытқыш ретінде пайдаланады. Пілдің құлағында қан тамырларының жылу айналысы үшін қажет қалың желісі бар. Ыстық қан солар арқылы өтеді де, бірнеше градусқа салқындап, жануардың денесіне қайтып оралады. Ал піл аяқтарымен естиді. Ол топырақтың дірілін осылайша естиді.
* Біз теңіз қабыршағын құлағымызға тосқанда естілетін буырқанған мұхит дыбысы- бұл мұхит емес,бұл – құлақтағы қан тамырларымен аққан қанның дыбысы.