Құлақ неге шыңылдайды
блог
Мұхаммед пайғамбар миғраж сапарында алып бәйтеректі көреді. Ағаштың жапырағына сан жетпейді. Әр жапырақта өмір сүріп жатқан адамдардың аттары жазылыпты. Пайғамбар Жебірейілден:
- Бұл не? - деп сұрайды. Жебірейіл:
- Бұл - адамның тағдыры. Кімнің дәм-тұзы таусылса, жапырақтың біреуі үзіліп жерге түседі. Жапырақ қиылғанда адамның өмірі қоса үзіледі. Жапырақ жерге түскенше, марқұм болған адаммен аттас пенделердің құлақтары шыңылдайды. Яғни періштелер: "Сенімен аттас бір адам дүниеден өтті. Бұл күн сенің де басыңа келеді", - деп, тірілердің есіне өлімді салып тұрады. Егер ол марқұм пейішке кетсе, тірінің оң құлағы шыңылдайды. Ал егер тозаққа кетсе, аттасының сол құлағы шыңылдайды, - дейді.
Пайғамбар миғраждан қайтқан соң, үмбеттерін жинап алып:
- Оң құлақтарың шыңылдаса, "Субхан Алла" деп айтыңдар, сол құлақтарың шыңылдаса, "Астапыралда" деп тәубе етіңдер, - деп өсиет айтыпты