Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
жеке
блог

         «Адам баласы дүние келген сәттен мұрынмен тыныс алып, ауызбен сөйлейді. Тіл - ішкі сезімдерімізді білдіретін басты қарым-қатынас құрал» - деп оқып келеміз ес білгелі. Осы тілдің басты қарым қатынас құралы екенін тым жиі қайталаймыз. Қайталап жатқан сөздер далаға кетпейтініне кім куә? Себебі, жетімдіктің көкесі осы құлақта.

         Анам үйде жүргенде айтқан ескертулері есіңнен шығып кетсе, үнемі: «Құлақ екі түрлі болады. Біреуі ақпа құлақ, екіншісі құйма құлақ. Сенікі ақпа құлақ болды-ау. Қанша айтып жатсаң да, екіншісінен шығып кете береді. » - дейтін.

Кей адамдар дүниені дұрыс пайдалана алмайтын көрінеді. Мұндайда атам: «Кітапты өзің жарытып оқымасаң, оқитын адамдарға бергенің жөн болады», әжем:« дүниені қор қылма, пайдасына асыратын адамға бер»  - деген сөздерді жиі қайталайды. Қазақта: «Ұра берсең, құдай да өледі» - деген қате болса да, керемет сөз бар. Осы сөздерді естіген сайын: «Неменеге айта береді? Жаттап алдық қой» - деуші едім. Бүгін соның пайдасы тиген секілді. Сабақта отырып бірнеше керексіз құлақтар бар екенін көрдім. Сол құлақтың иелері естімесе де, көзбен көріп оқитын болар деген сеніммен жазып отырмын. 

       Құлақтарыңды қор қылмаңдар, достар!

       Айтылып жатқан сөзге мән бермей отыратындардың құлағын кесіп алсаң ғой, шіркін! Бекерге сөзді жетім етпей...